10
қарастыру керек. Клетка – мембраналық құрылымдарды зерттеу
жетістіктері мына факторлармен байланысты:
1. Клеткаларды бұзу үшін қолданылатын əдістерде
жұмсақ
жағдайларды жақсарту. Жұмсақ жағдайлар арқылы алынған клеткалық
бөлшектер атқаратын қызметтерін сақтайды.
2. Салқындаумен жасалған жылдамдығы жоғары ультрацентри-
фугалардың кең таратылуы. Жылдамдығы жоғары ультрацентрифуга-
лардың көмегімен бұзылған клеткалардан бөлшектерді бөлу үшін,
ортадан тебу күштері құралады. Оларды пайдалану арқылы бөлінген
клеткалық бөлшектерде құрылымды
функционалды ұйымдастыру
сақталады.
3. Электрондық микроскопия арқылы əртүрлі бұрын белгісіз
болған клетканың құрамдас бөлшектерінің белгілерін анықтау, ал
қолайлы жағдайда клетканы бұзу əдістері
мен ультрацентрифугалау
клеткалық бөлшектерді бөлуге жəне оларды in vitro жағдайында зерт-
теуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: