ӘӨЖ 378
ХҒТАР 14.35.07.
DOI
10.48371/PHILS.2022.67.4.019
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ
БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА «ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ»
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
*Сүлейменова Ж. А.
1
, Қорғанбеков Б. С.
2
*
1
докторант Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы, e-mail: zhazs@mail.ru
2
ф.ғ.к., профессор Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы, e-mail: bolat64@mail.ru
Аңдатпа. Оқытушы сабақтарын қызықты және нәтижелі өткізу үшін үнемі жаңа
әдістер
мен материалдарды іздестіріп, түгендеп отырады. Қазақ әдебиеті бөлімінің білім
алушыларына кәсіби бағытталған шет тілін үйрету барысында материалдардың
жетіспеушілігінен, пән оқытушысы өз тарапынан оқу–әдістемелік
құралдарды
дайындайды. Жаңа Қазақстан дәуірі қалыптасып жатқандықтан болашақ маман иелеріне
құнды ақпаратты дұрыс жағынан жеткізу - әрбір оқытушының міндеті. Сондай баға жетпес
құндылықтардың бірі – Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» жинағы болып табылады.
Диуани Хикмет қазақ әдебиетінің жауһар қазынасы - ол ұғымдарды ортаға салуға,
пікірлерді қалыптастыруға және үйлестіруге, ойлау мен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік
береді.
Жұмыстың мақсаты –
көркем әдебиеттің, соның ішінде Яссауидің «Диуани
Хикметінің» ағылшын тілін оқытудағы рөлінің зор екендігін айқындау және хикметтер
жинағын –
синквейн әдісі арқылы оқытуда жақсы
дереккөз ретінде қолданудың
маңыздылығы мен артықшылықтарын талқылау болып табылады. Зерттеу жұмысының
мақсатына жету үшін оқу үдерісінде қолданылып жүрген заманауи әдістер қарастырылып,
қажеттісі зерделенеді. Сол арқылы оқылым, жазылым, тыңдалым және сөйлеу сияқты төрт
дағдыны игеру қалыптастырылады.
Зерттеу барысында теориялық және практикалық материалдарды жинақтау, ғылыми-
әдістемелік
әдебиеттерді талдау, тәжірибені зерттеу және Синквейн сияқты әдістер
қарастырылады.
Әдебиеттану ғылымының жан-жақты дамуы - кәсіби мамандарды даярлауда
қойылатын заманауи талаптарды талап етуде, өйткені әдебиет тек тіларалық емес, сонымен
қатар, мәдениетаралық қарым-қатынаста да негізгі буын болып табылады.
Бұл жұмыстың
ғылыми маңыздылығын анықтаса, оқу үдерісінде Синквейн сияқты дәстүрлі емес әдісті
қолданып, оны Яссауи хикметтері арқылы жүзеге асыру
- жұмыстың практикалық
құндылығын анықтайды.
Зерттеудің нәтижесі ретінде, біз ағылшын тілін "Диуани Хикмет" арқылы оқытудың
құнды шынайы материал, мәдени құндылық, тіл
байыту және жеке тұлғалықты
қалыптастыру болып табылатын төрт артықшылығын анықтадық. Сол анықталған
артықшылықтар – оқу материалын дайындау барысында төрт дағдыны (оқылым,
тыңдалым, жазылым және сөйлеу) жетілдіру үшін өз септігін тигізе алатындығын дәлелдей
алдық. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері алдағы уақытта
пәнді оқытуға арналған оқу-
әдістемелік құралдар мен әдістемелік ұсыныстарды дайындауда қажет болары анық.