115
нылатын болса, онда ол бір жыл ғана өмір сүрмейді, оған белгілі бір жаңа
қасиеттер қосу қажеттілігі оны пайдалануға енгізген бойда бірден пайда
болады жəне программаны сүйемелдеу оны жазуға қарағанда, əлдеқайда
көп уақыт алады. Құжаттаманың негізгі бөлігі программа мəтініне енгізілуі
керек. Жақсы түсініктемелер жазу жақсы программа жазған сияқты оңай
іс емес.
Түсініктемелер қысқартылмай, тыныс белгілері дұрыс қойылған
сөйлемдерден
1
құралуы керек жəне ол айқын мəселелер туралы мəлімет
бермеуі тиіс (бұл кітаптағы түсініктемелерді үлгі ретінде ұсынуға бол-
майды, өйткені олар программаларды сүйемелдеу үшін емес, студенттерді
оқытып үйретуге арналған). Мысалы, «
f
функциясын шақыру» немесе «ай-
нымалыларды сипаттау» деген сияқты түсініктемелерді келтірудің ешқандай
қажеттілігі жоқ. Егер программа үзіндісіне қатысты түсініктеме бірнеше жол-
дан тұратын болса, оны программа кодының оң жағына жазудың орнына, сол
үзіндіге дейін орналастырып, оны тік бағытта туралаған жөн. Түсініктеменің
абзацтық (азат жолдық) шегінісі түсініктеме жасалатын блоктың шегінісіне
сəйкес келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: