118
ЕСКЕРТУ
Программаны құрудың негізгі кезеңдері туралы айтудың алдында, оған қарағанда
абстрактылы ұғымдар жайлы – əрбір программалаушы басшылыққа алуы тиіс қағидалар
туралы – айтып кеткен жөн. Көбінесе программалаушылар өздерінің басты мақсаты
пайдалы жұмыс істеу емес, жаңадан ерекше жұмыс істейтін алгоритмдерді ойлап табу
деп есептейді, сол арқылы «дүкен алушыға емес, сатушыға арналған» деген қайғылы
көзқарасты еске салады. Программалаушы өзінің оны пайдаланушы адам үшін жұмыс
істейтіні жөнінде жəне белгіленген мерзімде сенімді программа құруды камтамасыз ететін
топтың мүшесі екенін ұмытпауы тиіс.
Программалаудың құрылымдық тəсілі, жоғарыда айтылып өткендей, жо-
баны құрудың барлық кезеңдерін қамтиды, олар: спецификациялау, жобалау,
нақты түрде программалау жəне оны тесттен өткізу, яғни тестілеу. Мұндайда
алға қойылатын міндеттер – тек пайдалануға болатын құрылымдарды қолдану
арқылы туындайтын қателер санын азайту, қателерді мүмкіндігінше ерте
анықтау жəне оларды түзету процесін жеңілдету.
Төменде келтірілген программаны құру кезеңдері программалаушылар
тобы арқылы жүзеге асырылатын көлемді жобалар жасауға есептелген. Көлемі
шағын қысқа программалар жазу үшін əрбір кезең қысқарып жеңілдейді, бірақ
кезеңдердің мазмұны мен реттілігі өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: