157
16-нұсқа
Төбелері жазықтықтағы берілген нүктелер жиынында жататын үш
үшбұрышты келесі шарт орындалатындай етіп құрыңыз: екінші үшбұрыш
бірінші үшбұрыштың, ал үшінші үшбұрыш екінші үшбұрыштың
ішінде жа-
туы тиіс.
17-нұсқа
Жазықтықта нүктелер жиыны берілген. Төбелері осы нүктелер жиы-
нында жататын барлық мүмкін болатын үшбұрыштарды құрып, солардың
ішінен қабырғалары үшбұрыштардың максималды санымен қиылысатынын
табу керек.
18-нұсқа
Жазықтықта нүктелер
жиыны мен радиусы R жəне центрі координаталар
басында жататын шеңбер берілген. Төбелері берілген жиын нүктелерінде жа-
татын жəне үш қабырғасы да берілген шеңбермен қиылысатындай барлық
үшбұрыштар
жиынын құрып, солардың ішіндегі ең ауданы кіші үшбұрышты
табу керек.
19-нұсқа
Қабырғаларының ұзындықтары əртүрлі жəне төбелері жазықтықта
берілген жиын нүктелерінде жататын тең қабырғалы үшбұрыштар санын
есептеп, солардың қиылысатынын немесе қиылыспайтынын анықтау керек.
20-нұсқа
Үшөлшемді кеңістікте нүктелер жиыны берілген. Əрқайсысы
берілген
əрбір үш нүктенің екеуін басып өтетіндей түрде екі жазықтық тұрғызып,
осындай жазықтықтар ішінен бір-біріне параллель емес жазықтықтардың
максималды ішкі жиынын табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: