private көріну аймағына кіреді.
Берілген класта əдістердің үш анықтамасы жəне бір жариялануы (
draw əдісі) берілген. Егер əдіс тұлғасы (денесі) класс ішінде анықталған болса, онда
ол құрамдас
(inline )болып табылады. Көбінесе қысқа əдістерді құрамдас
əдістер ретінде жасайды. Егер класс ішінде тек қана əдістің жариялануы
(тақырыбы) берілген болса, əдістің өзі программының басқа жерінде көріну
аймағына қол жетімділік операциясы (
:: ) арқылы анықталуы керек:
void monstr::draw(int x, int у, int scale, int position){ /* əдіс тұлғасы */ } Əдісті
inline (қарапайым функциялардағы сияқты ол ұсыныс сипатын-
да болады) директивасының көмегімен кластан тыс та құрамдас əдіс ретінде
анықтауға болады.
inline int monstr::get_ammo(){ return ammo; } Əрбір класс құрамында атауы класс атауымен бірдей болып келетін кем
дегенде бір əдіс болады. Ол конструктор деп аталады жəне класс объектісін
құру кезінде автоматты түрде шақырылады. Конструктор объектіні инициал-
дау үшін қажет. Конструкторды автоматты түрде шақыру инициалданбаған ай-
нымалыларды пайдалануға байланысты туындайтын қателердің алдын алуға
мүмкіндік береді. Конструкторлар туралы толығырақ мəлімет «Конструктор-
лар» бөлімінде, 196 б. қарастырылады.
struct жəне
union сияқты мəліметтер типтері кластың түрлері болып табы-
лады, олардың арасындағы айырмашылық кейінірек, 226-227 б. түсіндіріледі.
Класты сипаттаудың басқа бір мысалы, сонымен қатар жергілікті класс мыса-
лы «Кластардың шаблондарын құру» бөлімінде, 228 б. қарастырылады.
Объектілерді сипаттау «Класс» типті нақты көрсетілген айнымалылар класс даналары (экзем-
плярлары) немесе объектілер деп аталады. Объектілердің өмірлік кезеңдері
мен көріну мүмкіндігі олардың түрлеріне жəне сипатталу орнына байланысты
болады жəне C++ тілінің жалпы ережелеріне бағынады: