261
Конструкторлар мен деструкторларды кіріктірілген түрде құру
ұсынылмайды, өйткені олардың құрамында компилятор кірістіретін қосымша
кодтар болады жəне олардың көлемі өте үлкен де болуы мүмкін (мысалы,
туынды класс конструкторында барлық базалық жəне кіріктірілген кластардың
конструкторлары шақырылуы тиіс).
Кластың асыра жүктелген операцияларының жалпыға ортақ интуитивті
түсінікті мағынасы болу керек (мысалы, + операциясына қосудан немесе
мəнді арттырудан басқа амалдарды орындатпауға тырысу керек). Негізінен,
операцияларды асыра жүктеу программалаушы құратын арифметикалық тип-
тер үшін қолданылады, ал басқа жағдайларда класс объектілерімен қандай да
бір əрекеттерді жүзеге асыру үшін əдістерді қолданған жөн, өйткені оларға
мағыналы атаулар беруге болады.
Егер қандай да бір операция асыра жүктелген болса, мүмкіндігінше, лдан
басқа осыған ұқсас операцияларды да, мысалы
Достарыңызбен бөлісу: