Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет243/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

14-нұсқа
«Үй кітапханасы» класын сипаттау керек. Кітаптардың кездейсоқ са-
нымен жұмыс істеу, белгілі бір сипаты бойынша кітаптарды іздеу (мысалы, 
авторы немесе шығарылған жылы бойынша), кітпаханаға жаңа кітаптарды 


269
енгізу, одан кітаптарды өшіру, кітаптарды əртүрлі өрістер бойынша сұрыптау 
мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
15-нұсқа
«Жазба кітапшасы» класын сипаттау керек. Кездейсоқ жазбалар санымен 
жұмыс істеу, белгілі бір сипаты бойынша жазбаны іздеу (мысалы, тегі, туған 
күні немесе телефон нөмірі бойынша), жазбаларды қосу жəне өшіру, оларды 
əртүрлі өрістері бойынша сұрыптау мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
16-нұсқа
«Студенттік топ» класын сипаттау керек. Студенттердің айнымалы саны-
мен жұмыс істеу, белгілі бір сипаты бойынша студентті іздеу (мысалы, тегі, 
туған күні немесе телефон нөмірі бойынша), жазбаларды қосу жəне өшіру, 
оларды əртүрлі өрістері бойынша сұрыптау мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
17-нұсқа
«Нақты матрица» мəліметтер типін пайдаланатын жəне олармен жұмыс 
істеуді іске асыратын класты сипаттау керек. Класс матрицалармен келесі 
операциялардың орындалуын жүзеге асыруы тиіс:
□ қосу, азайту, көбейту жəне бөлу (+, -, *, /) (басқа бір матрицаға көбейту 
мен бөлу операцияларымен қатар, сандарға да қатысты операциялар 
орындалуы мүмкін);
□ аралас меншіктеу операциялары (+=, -=, *=, /=);
□ теңдікке/теңсіздікке салыстыру операциялары;
□ кері жəне транспонирленген матрицаны есептеу операциялары жəне 
дəрежелеу операциясы;
□ детерминантты жəне норманы есептеу əдістері;
□ матрицаның типін (квадраттық, диоганалдық, нөлдік, бірлік, симме-
триялы, жоғарғы үшбұрышты, төменгі үшбұрышты) тексеруді жүзеге 
асыратын əдістер;
□ стандартты ағымдарға енгізу/шығару операциялары (305 б.)
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет