Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет242/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

10-нұсқа
Көпмүшеліктің дəрежесі жəне коэффициенттері жиым арқылы берілетін 
бір айнымалыға тəуелді көпмүшелер класының сипаттамасын құру қажет. 
Берілген аргумент үшін көпмүшеліктің мəнін есептеу, көпмүшелерді қосу, 
азайту жəне көбейту операцияларының көмегімен жаңа объект-көпмүшені 
алу, көпмүшенің сипаттамасын экранға шығару əдістерін қарастырыңыз. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
11-нұсқа
Тіркестердің бірөлшемді жиымдары класының сипаттамасын құру керек, 
əрбір тіркес ұзындығы жəне өзіне бөлінген жадыға нұсқауыш арқылы беріледі. 
Жиымдар шекараларынан шығуды қадағалау, жиымның жеке тіркестерін 
индекстері арқылы пайдалану, екі жиымды элемент бойынша тізбектей 
біріктіру арқылы жаңа жиымды қалыптастыру, қайталанатын элементтерді жоя 
отырып, екі жиымды біріктіру, берілген индексі бойынша жиымның элементін 
немесе жиымды толығымен экранға шығару мүмкіндігін қарастырыңыз. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
12-нұсқа
Кездейсоқ өлшемдегі матрицаны бейнелейтін жəне оның жолдары мен 
бағаналарының санын өзгерту, кез келген өлшемдегі ішкі матрицаны неме-
се матрицаны толығымен экранға шығару мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін 
кластың сипаттамасын құру қажет. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
13-нұсқа
Тіркестермен тиімді жұмыс істеуге арналған, тіркестерді форматтауға жəне 
салыстыруға, тіркестерде сандық мəндерді сақтауға жəне оларды шығарып 
алуға мүмкіндік беретін класты жазыңыз. Ол үшін мыналарды жүзеге асыру 
қажет:
□ асыра жүктелген меншіктеу операторлары жəне конкатенация;
□ типтерді келтіру жəне салыстыру операциялары;
□ кез келген типті санға түрлендіру;
□ тіркесті форматты түрде шығару.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет