Сипаттамасы cin istream Пернетақтамен байланысады (стандартты буферленген
енгізу əрекетімен)
cout ostream Экранмен байланысады (стандартты буферленген
шығару əрекетімен)
cerr ostream Экранмен байланысады (стандартты буферленбеген
шығару əрекетімен), мұнда қателік туралы
хабарламалар шығарылады
clog ostream Экранмен байланысады (стандартты буферленген
шығару əрекетімен), мұнда қателік туралы
хабарламалар шығарылады
Бұл объектілер программмаға
тақырыптық файлын
қосылғанда құрылады, мұнда олармен байланысты енгізу/шығару құралдары
қолжетімді түрде болады. Бұл объектілердің атауларын басқа файлдарға не-
месе сиволдық буферлерге қайталап тағайындауға болады.
Жоғарыда сипатталған
istream жəне
ostream кластарында мəліметтерді
ағымнан шығарып алу
>> жəне ағымға орналастыру
<< операциялары
ығыстыру операцияларын асыра жүктеу жолымен анықталған. Мысалы:
#include int main(){ int i; cin >> i; cout << "Сіз енгіздіңіз: " << i; return 0; } Шығарып алу жəне оқу операциялары өздерінің орындалу нəтижесі
ретінде шығарып алу үшін
istream типті объектіге жəне оқу үшін
ostream типті объектіге сілтеме қалыптастырады. Бұл операциялар тізбектерін
қалыптастыруға мүмкіндік береді, ол жоғарыдағы мысалдың соңғы операторы
арқылы көрнекі түрде бейнеленген, онда мəлімет шығару солдан оңға қарай
орындалады.
Басқа да асыра жүктелген операциялар сияқты, қірістіру мен шығарып
алу үшін басымдылықтарды өзгерту мүмкін емес, сондықтан қажет болған
жағдайларда жақшалар қолданылады: