Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ C++ тілінің базалық құралдары



Pdf көрінісі
бет3/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

1-ТАРАУ
C++ тілінің базалық құралдары
Тілдің құрамы
Кез келген табиғи тілдегі мəтінде 4 негізгі элементті бөліп қарастыруға 
болады, олар: символдар, сөздер, сөз тіркестері жəне сөйлемдер. Осындай 
элементтер алгоритмдік тілде де бар, алайда мұнда сөздерді лексемалар (эле-
ментар конструкциялар), сөз тіркестерін өрнектер, ал сөйлемдерді оператор-
лар деп атайды. Лексемалар символдардан, өрнектер лексемалар мен символ-
дардан, ал операторлар символдар, өрнектер жəне лексемалардан құралады 
(1.1-сурет):
□ Тіл алфавиті немесе символдары – бұл тілдегі барлық мəтіндер жазы-
латын, ары қарай бөлінбейтін негізгі таңбалар;
□ Лексема немесе элементар конструкция – өзіндік мағынасы бар тілдің 
ең кіші бірлігі;
□ Өрнек белгілі бір мəннің есептелу ережесін береді;
□ Оператор кез келген бір əрекеттің аяқталған спатталуын береді.
1.1-сурет.
Алгоритмдік тілдің құрамы
Күрделі іс-əрекетті бейнелеу үшін операторлар тізбегі қажет. Операторлар 
құрама оператор немесе блок
1
түрінде бірігуі мүмкін. Мұндайда олар бір опе-
ратор ретінде қарастырылады.
1
C++ тілінде блок болып жүйелі жақшаның
 { } 
ішіне алынған операторлар тізбегі есептеледі.


8
Операторлар орындалатын жəне орындалмайтын болып бөлінеді. Орын-
далатын операторлар мəліметтермен атқарылатын əрекеттерді білдіреді. 
Орындалмайтын операторлар мəліметтерді сипаттау үшін қажет, сондықтан 
оларды көбінесе сипаттау операторлары немесе жай ғана сипаттауыштар 
деп те атайды.
Тілдің əрбір элементі синтаксис жəне семантика арқылы анықталады. 
Синтаксистік анықтаулар тіл элементтерінің құрылу ережесін білдіреді, ал се-
мантика олардың мағынасы мен қолданылу ережелерін анықтайды. 
Біртұтас алгоритммен біріктірілген сипаттаулар жиыны мен операторлар 
алгоритмдік тілдің программасы болып табылады. Программаны орындау 
үшін, оны процессорға түсінікті машиналық кодқа аудару керек. Бұл про-
цесс бірнеше сатылардан тұрады. 1.2-суретте осы сатылар С++ тілі үшін 
көрсетілген. 
Программа алдымен препроцессорға беріледі, ол мəтін құрамындағы ди-
рективаларды (мысалы, мəтінге тақырыптық файлдарды – программада 
қолданылатын элементтердің сипаттамасы сақталған мəтіндік файлдарды 
қосуды) орындайды.
Алынған программаның толық мəтіні компилятордың кіру нүктесіне 
беріледі де, компилятор лексемаларды тауып алып, тіл грамматикасының 
негізінде, осы лексемалардан тұратын өрнектер мен операторларды анықтайды. 
Сонымен қатар, компилятор синтаксистік қателерді табады, егер олар жоқ 
болса, объектілік модуль құрады. 
Жинақтауыш (компоновщик) немесе байланыстар редакторы бір объектілік 
модульге басқа объектілік модульдерді жəне де кез келген программада бола-
тын (мысалы, экранға мəлімет шығаруды жүзеге асыру үшін) кітапхана функ-
цияларын қамтитын модульдерді біріктіре отырып, программаның орындала-
тын модулін қалыптастырады. Егер программа бірнеше бастапқы файлдардан 
құралатын болса, олар жеке-жеке түрлендіріліп, осы жинақтау сатысында 
біріктіріледі. Осының нəтижесінде шығатын атқарылатын модульдің кеңейтілуі 
.exe болады жəне ол əдеттегі тəсілмен орындауға жіберіледі. 
Құжаттамаларда, кітаптарда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет