fl oat жəне
long int типіндегі
шамаларға бөлінетін байт саны бірдей болғанымен, олардың ішкі бейнелену
формасына байланысты мəндерінің өзгеру диапазоны əртүрлі болып келеді.
double типі атауының алдындағы
long спецификаторы сандық шамаға
компьютер жадынан 10 байт орын бөлінетінін көрсетеді.
Жылжымалы нүктелі тұрақтыларға келісім бойынша
double типі беріледі.
Тұрақтының типін
F, f (fl oat) жəне
L, l (long) жалғауларының көмегімен
нақты түрде көрсетуге болады. Мысалы,
2E+6L тұрақтысының типі
long double , ал
1.82f тұрақтысының типі
fl oat болады.
1.4-кесте. IBM PC үшін қарапайым мəліметтер типтері мəндерінің
диапазондары
Типі Мəндер диапазоны Мөлшері (байт) bool
true жəне false
1
signed char
-128... 127
1
unsigned char
0 ... 255
1
signed short int
-32 768... 32 767
2
unsigned short int
0... 65 535
2
signed long int
-2 147 483 648 ... 2 147 483 647
4
unsigned long int
0 ... 4 294 967 295
4
fl oat
3.4e-38 ... 3.4e+38
4
double
1.7e-308 ... 1.7e+308
8
long double
3.4e-4932 ... 3.4e+4932
10
1.4-кестеде нақты типтер үшін олардың ең кіші жəне ең үлкен мəндерінің
абсолюттік шамалары берілген.
Əртүрлі платформаларға ауыстырылатын программаларды жазу кезінде
int типінің мөлшері туралы жорамал жасауға болмайды. Оны анықтау үшін
sizeof операциясын қолдану керек, соның нəтижесінде байтпен берілген
типтің мөлшері, яғни ұзындығы табылады. Мысалы, MS-DOS операциялық
жүйесі үшін
sizeof(int) функциясының нəтижесі 2 болса, ол Windows 9x
немесе OS/2 жүйесі үшін 4-ке тең болады.
19
ANSI стандартында негізгі типтер үшін мəндер диапазондары берілмейді,
тек олардың ұзындықтары арасындағы қатынас анықталады. Мысалы,