373
14-ТАРАУ
Алгоритмдер
STL кітапханасының алгоритмдері контейнерлермен жəне басқа да
тізбектермен жұмыс істеуге арналған. Əрбір алгоритм шаблон немесе функ-
ция шаблондарының жиынтығы түрінде жүзеге асырылған, сондықтан олар
тізбектердің алуан түрлерімен жəне əртүрлі типтегі мəліметтермен жұмыс
істей алады. Алгоритмді қолданушының нақты талаптарына сəйкес оны бап-
тау үшін функционалдық объектілер (363 б. қараңыз) қолданылады.
Стандартты кітапхананың басқа құралдары сияқты, стандартты
алгоритмдерді қолдану əрекеті де программалаушыны тізбектерді өңдеу
циклдерін жазудан, оларды жөндеп түзетуден жəне құжаттаудан құтқарады,
осы арқылы программадағы қателіктер саны азаяды, оның құрылу уақыты
қысқарады жəне ол оқуға жеңіл əрі ықшамды болады.
Стандартты алгортимдердің жариялау
Достарыңызбен бөлісу: