BinPred – бинарлы предикат;
Соmр – салыстыру функциясы;
Ор – унарлы операция;
BinOp – бинарлы операция.
Тізбектерді модификацияламайтын операциялар Бұл категорияның алгоритмдері тізбекті өзгертпей қарап шығады. Олар
тізбек туралы ақпарат алу үшін немесе элементтің орналасу жағдайын анықтау
үшін қолданылады.
14.1-кесте. Тізбектерді модификацияламайтын операциялар
Алгоритм Орындалатын функция adjacent_fi nd Көршілес мəндер жұбын табу
count Мəннің тізбекке ену санын есептеу
count _if Тізбекте шарттың орындалу санын есептеу
equal Екі тізбек элементтерінің жұп бойынша теңдігі
fi nd Мəннің тізбекке алғашқы енгізілуін табу
fi nd_end Бір тізбектің басқа тізбекке соңғы енгізілуін табу
fi nd_fi rst_of Бір тізбектегі бірінші мəнді басқа тізбектен табу
fi nd_if Тізбектегі шартқа алғашқы сəйкестікті табу
for_each Тізбектің əрбір элементі үшін функцияны шақыру
mismatch Екі тізбектегі бірдей емес алғашқы элементті табу
search Бір тізбектің басқа тізбекке алғашқы енгізілуін табу
search_n Бір тізбектің басқа тізбекке n-ші рет енгізілуін табу
Енді осы алгоритмдерді толығырақ қарастырайық.
adjacent_fi nd adjacent_fi nd алгоритмі көршілес мəндер жұбын табуды орындайды.
template For adjacent_fi nd(For fi rst, For last); template For adjacent_fi nd(For fi rst, For last, BinPred pred); Алгоритмнің бірінші формасы тізбекті контейнерде көршілес орналасқан
бірдей мəндер жұбын табады да, итераторды олардың алғашқысына немесе