99
Препроцессор директивалары
Компилятордың алғашқы іс-əрекеттерді орындау кезеңі (фазасы) препро-
цессор деп аталады. Препроцессор нұсқаулары директивалар деп аталады.
Олар
#
символынан
басталуы тиіс, бұл символдың алдында тек бос орын
символдары орналасуы мүмкін (10 б.).
#include директивасы
#include <файл_аты>
директивасы көрсетілген файлдың құрамындағы
ішкі мəліметтерді бастапқы файлдағы өзі жазылған орынға кірістіреді.
Қосылатын
файлдың құрамында да
#include
директивалары болуы мүмкін.
Егер файлдың орналасқан каталогының жолы толық көрсетілмесе, ол кірік-
тірілетін файлдардың стандартты каталогтарынан ізделеді. Бұрыштық жақша-
лардың орнына тырнақшаларды (
" "
) қолдануға болады –
мұндайда файлды
іздеу бастапқы файл орналасқан каталогта, содан кейін барып стандартты ка-
талогта жүргізіледі.
#include
директивасы əртүрлі файлдардағы жарияланымдардың үйлесім-
ділігін қамтамасыз етудің қарапайым құралы болып табылады,
бұл директива
файлдарға тақырыптық файлдардың интерфейсі туралы ақпарат береді.
Тақырыптық файлдардың кеңейтілуі əдетте
.h
болады жəне олардың
құрамында келесі элементтер болуы мүмкін:
□ типтердің, тұрақтылардың,
құрамдас функциялардың, шаблондар мен
тізбелердің анықтамалары;
□ функциялардың, мəліметтердің, атаулар
мен шаблондардың жарияла-
нымдары;
□ атаулар
кеңістіктері;
□ препроцессор
директивалары;
□ түсініктемелер.
Тақырыптық файлда
функциялар мен мəліметтердің анықтамалары бол-
мауы тиіс. Мұндай ережелер
тілдің талабы бойынша емес, олар директиваны
қолданудың ыңғайлы тəсілін бейнелейді.
Стандартты кітапхананың тақырыптық файлдарын жазу кезінде
Достарыңызбен бөлісу: