ҚР ҚН 3.02-16-2014
4
және балалардың, жасӛспірімдер мен қызметкерлердің келуі
немесе басқа да қызметтер
үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар қарастыруға тиіс.
4.2.6 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің ғимаратын
жобалау кезінде үй-жайлар микроклиматын (температурасын, жол берілген шу деңгейін,
ылғалдылығын, үй-жайлардағы
ауаның қозғалу жылдамдығын, жарықтандырылуы мен
инсоляциясын) қамтамасыз ету және ғимараттың мақсатына сәйкес арнайы үй-жайлар мен
қондырғылардың болуы жӛніндегі кешенді шаралар ескерілуге тиіс.
4.2.7 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау, салу
және пайдалану кезінде табиғи ландшафты барынша
сақтау арқылы әуе және су
бассейнінің ластануын болдырмайтын адамдар ӛмірінің санитарлық-гигиеналық
жағдайларына жауап беретін экологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету қажет.
4.2.8 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің ғимараты
мен іргелес аумағын халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере
отырып жобалау қажет.
4.2.9 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу
мекемелерін салу және
пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау, энергия тұтынуды азайту және табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану қамтамасыз етілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: