ҚР ҚН 3.02-16-2014
6
а) ғимаратты пайдалануды тоқтату қажеттілігіне алып келетін конструкциялардың
қирауы мен бүлінуі;
б) конструкциялар мен ғимараттарда деформациялардың және сызаттардың пайда
болу салдарынан болған пайдаланушылық қасиеттерінің нашарлауына жол бермеу.
5.2.4 Кӛтергіш конструкциялардың механикалық қауіпсіздік бойынша талаптарға
сәйкестігі бүкіл жобаланатын кӛтергіш конструкция мен оның элементтерін, кестелік
немесе тәжірибелі деректерді ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз
ету мақсатында қолдану арқылы талдау негізінде іске асырылуға тиіс.
5.2.5 Мекемелерді жобалау кезінде, оларға жүйелі техникалық қызмет кӛрсету және
ғимаратты пайдалану мен оны жӛндеу ережелерінің сақталу жағдайында, беріктігі мен
орнықтылығының сақталуы ескерілуге тиіс.
5.2.6 Ғимараттарды сейсмикалық әсерге, ӛңдеуге, отыруға және аяздан ісінуді қоса
алғанда, топырақтың басқа да жылжуынаа ұшыраған күрделі геологиялық жағдайдағы
ауданда салған кезде, инженерлік желілер бойынша нормативтік-техникалық құжаттарда
белгіленген талаптарды сақтау керек.
5.2.7 Конструкциялар, бӛлшектер мен әрлеу материалдары ылғалдың, тӛмен және
жоғары температураның, агрессивті орта мен басқа да қолайсыз факторлардың ықтимал
әсеріне тӛзімді материалдардан орындалуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: