үрдісі XIX ғасырдың жартысына дейінгі жазба мұраларда сақталып келгені бар,
кіріккен сөздің де бірге жазылуында ала-құлалық байқалып отырды. Әйтсе де
бұл қатардың бірге таңбалануы жазуды нормалаудың алғашқы тәжірибелерінде-
ақ қалыпқа түсе бастағанын көруге болады.
“Азған сөз азған күйінде жазылсын”(6) деп, А. Байтұрсынұлы кіріккен сөздің
орфограммасын ретке салса, “жұрнақтардың түбірге ұйқасуы..
.жұрнақтардың.. .тұтас жазылу мәселесі” (3) М.Чобанзаде
мақаласында
қойылады. Қысқарған сөздің қиюлы кіріккен, аралас кіріккен, буын кіріккен
болып бөлініп, кіріккен сөздің бір түрі ретінде қаралуы олардың бірге жазылуына
таяныш болды.
Ал біріккен сөздердің тұрпат межесі туралы, Қ. Жұбанов терминімен
айтқанда кіріккен сөздің жаңа түрінің жазылуы туралы айтсақ, мәселе қашан да
қиындықсыз шешілмегенін көреміз. А.Байтұрсынұлының өзі “бұрын бір өңкей
болса, бірігіп жазылып, бір өңкей болмаса, қосарлық(-) пен жазылатын еді, енді
бәрі де қосарлықпен жазылатын болды” (6) дейді. Бөлек
жазылатын құрама
сөздерді Ахаң үйір айтылатын сөз бен қосындыға айналған сөздер деп, арасына
тәртіп жасау керектігін ескертеді (6). Сөйтіп, “сөздердің мағына жағдайына қарай
бірге, бөлек жазылуы” (3), оның ішінде “бір екпінді, бір сынды (гармония), бір
мағыналы қос сөздердің тұтас жазылуы”(3) айқындалды.
Ал бөлек тұлғалануды сөздің дербес тілдік бірлік екенін көрсететін
синтаксистік құрылымның ерекшелігі (42. 52) десек, онда бөлек тұлғаланудың
өзін мынадай бес сатыға бөлуге болады:
1. сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы;
2. сөз тіркесі деңгейіндегі синтаксистік бірліктердің бөлек тұлғалануы
(
алтын сағат, күміс қасық, кеңсе құралы, сабақ үлгерімі);
3. түйдекті тіркестердің бөлек тұлғалануы
(келе жатыр, сабақтан кейін,
үйдің алды, егер де);
4. фразеологиялық тіркестердің бөлек тұлғалануы
(ит әуре, мысық
тілеу);
5. лексикалық синтагмалардың, яғни
КС-дердің бөлек тұлғалануы
(тандыр нан, am қора).
Біздің пайымдауымызша,
дефис - (дефис терминін косаралық сөзімен
ауыстыруға болатын сияқты) теңдік белгісі. Сондықтан салалас құралған, мағына
беру дәрежесі бір- бірімен парапар қос сөздер дефиспен жазылады. Шыңды-
ғында, математикалық тендік белгісі қойылуы қажет. Бұл кейінгі кездері
баспасөзден, көркем, ғылыми әдебиет беттерінен бой көрсетіп те жүр. Дефистің
теңдік
белгісіне ойысуы, бір жағынан, дефистің сөзді ажырататын тасымал,
сызықша белгілерінен
шатастырылмауынан туса, екінші жағынан, қос сөз
құрамындағы сыңарлардың, жоғарыда айтылғандай, сөзжасам қабілеттерінің тең
дәрежеде болуынан келіп шығады. “Термин “дефис” – парадоксален. Он возник
как знак разъединения, а стал, по преимуществу, знаком соединения” (43. 288).
Дефистің сөзді ажырататын мағынасын тире (сызықша) атқарады. Ал
дефис сөзді жақындастыратын мағынасында қалды. Мысалы,
бір кездерде
мерзімді баспасөз бетгерінде
ой-тамызық, айдарымен мақалалар шығып жүрді.
Кейін қос сөз БС-ге айнала бастады.
Қоражай, мекенжай сөздерінің де осы
жолдан өтуі дефистің сөзді жақындастырып, біріктіруге бейімдейтінін көрсетеді.
Дегенмен, қазақ тілінде бұл жиі құбылыс емес. Орфографияда сөз тіркестерінің
универбтелу сатылары, негізінен
Достарыңызбен бөлісу: