Орфографиясы


Біріккен сез және оларды бірге тұлғалаудың



Pdf көрінісі
бет19/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

2.2.
Біріккен сез және оларды бірге тұлғалаудың 
формалды белгілері
Жоғарыда, біз қазақ тіл біліміндегі зерттеулер жайын сөз еткенде БС-дің
өзіндік белгілері мен өлшемдерінің саралануы бір арнаға сайғанын көрсеттік. Ол
қазақ тіліндегі БС-дің -ар, -лар, -лық, -ғыш қосымшаларымен келуі және
тану, жанды, құмар, ақы, ара, жай, хана сияқты кейбір лексикалық
бірліктердің грамматикалануы негізінде жасалуы. Біз БС-дердің бұндай
тұлғалық ерекшеліктерін бірге тұлғалаудың формалды белгілері деп аламыз.
Және БС жасауда қосымшалардың сөз ұластыратын қызметі оларды
ұл а с т ы р у ы ш т а р деп, ал лексикалық бірліктердің сөз жасау қызметі
өздерін қ ұ р а с т ы р у ы ш т а р деп формалды белгінің өзін екіге бөліп алуға
мүмкіндік береді.
Сонымен, қазақ тілінде БС жасаудың мынадай ұластыруыш
қосымшалары барын байқаймыз: -ар,- лар -лық, -ғыш,- ты, -ыс, -ма, -қ, -қы.
-ар, -ер қосымшасы негізінде біріккен сөздер. ҚТОС-індегі (1988) БС-
дердің бір алуаны есімшенің предикаттық мәнде болжалды келер шақ мәнін
беретін - ар, -ер, -р жұрнағымен келеді. Бұл қатардың дені салт- дәстүрге
байланысты атаулардан, бірлі-жарым қару-жарақ, өсімдік аттарынан тұрады:
ауызашар, алтыбасар, атбайлар, атсоғар, атұстар, бесіккесалар, босағаттар,
бірасар, бірбайлар, біртартар, біртүйер, біркиер, доланкесер, езутартар,
есікашар, ешкіемер, желайдар, желімайлар, жембасар, жерсоғар, жертесер,
жолашар, итырылдатар, кекілбасар, кертартар (көне қару),


көрпеқимылдатар, көрсебасар, күлшашар, күнбағар, күнқағар, күншығар,
күнқабар, кіндіккесер, қазанбұзар, қаптесер, қолкесер, қолтықсүйер,
қолұстатар, қонысмайлар, қосбасар, құдатартар, ұүсқонар, қызқашар,
мойынтастар, некеқияр, оққағар, отқасалар, сауытбұзар, суағар,
сутартар(құс), сіргежияр, сіргемөлдіретер, тойбастар, тоқымқағар,
тұсаукесер, тілашар, тілқияр, тіскебасар, үйқашар, ұлтабар, ұябасар,
үкітағар, шаңбасар, шашсипатар, шөпжияр, шыбынқағар, шыңқетер,
бақанаттар, беташар, батаоқыр, биебайлар т.б. және адамға қатысты
ұғымдардан тұрады: алаңғасар, атшабар, алыпсатар, атқамінер, басбұзар,
баскесер, елкезер, беткеұстар, беткешығар, естияр, жайбасар, жанашыр,
жанкүйер, жанқияр, жатыпатар, жолбасар, көлжұтар, таусоғар, тілазар,
ізашар, ізбасар, нақсүйер, нансоғар, қанішер, қаныпезер, орынбасар, тоқ етер
т.б. Мұндағы этнографиялық атаулар тұрақты түрде зат есім мен сабақты етістік
тіркесі болып келсе, адамға қатыстылары атау, барыс жалғаулы субстантивтер
мен салт етістік бірігуінен, әрі етістіктердің тіркесуінен құралады. “Негізінде -ар,
-ер жұрнағы заттың, құбылыстың бойында бар, соған тән, сондықтан үнемі
болып тұратын, іс-әрекетті, қимыл-қозғалыс, жай-күйді білдіретін, түркілік
дәуірден бар қосымша” (39. 128). Есімшенің жұрнағымен бұлардың бәрі зат есім
табына өтеді, заттанады (тіскебасар, ұйқыашар, ізбасар, оққағар, біркиер,
атқамінер), терминдік, номенклатуралық мәнде жұмсалады (алыпсатар,
алтатар, бесатар, кертартар, көлжұтар, таусоғар, нақсүйер, шыбынқағар).
Сонда “-ар аффиксімен келетін синтаксистік үлгінің қолданылу аясы тарыла
бастауы” (39. 129) оның сөзжасамдық қызметінің ауысуына байланысты екен.
Тілімізде осы типтес сөз тіркестері бар. Мысалы: мал сауар мезгіл, күн батар
уақыт, орманға барар жол, көлге түсер кез. Мұнда алғашқы екі сыңар мен
соңғы сыңардың арасында анықталушы – анықтаушы қасиет бар, ал бірінші сөз
бен екінші сөз меңгеріле байланысады. Алғашқы екі сөз жеке қалып, толық
мағына бермейді, ал терминдік, номенклатуралық мәнге ие болған алтатар,
бесатар, біркиер, ізбасар атаулары мылтық, киім, адам деген соңғы сыңары
жасырын қалса да, алдыңғы екеуі бірге таңбаланып, бір заттың атауы болады.
Мұны есім сөздер мен етістіктердің қораланбай, жөнтектеліп жүрген дәуірінен
қалған қалдық болуы мүмкін дейді Г.Жәркешова (17. 42). Тұрақты қайталанатын
іс-әрекет субъектінің, объектінің дифференциалды бір семасына айналады. Ол
сема субъектінің өзін белгілейді. Субъектінің іс-әрекетті “ішіне алып тұруы”,
яғни эндоцентрлеуі есімшенің -ар ,-ер ,-р жұрнағымен іске асады. Негізінен, бұл
процесс -қыш, -ғыш, -атын, -етін жұрнағымен де көріне береді. Алайда -ар, -ер
жұрнағының ауыспалы шақты беру мүмкінділігі предикатық қатынасты
заттандыруға бейім. Сонымен, субстантивтену үш алементтен тұрады десек,
босағаны аттау -тасымалданушы, әдісі – есімшенің жұрнағы және форманың
универбтенуі, нәтижесі, яғни транспозит – босағааттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет