Жазылым
Бөлімше 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрастырып жазу
Оқу мақсаты
3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер
арқылы
әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін;
көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•
Есек жолда неліктен құлап қалды?
•
Ат не үшін өкінді деп ойлайсың?
•
Мәтіннен қандай ой түйдің? Берілген көмекші сөздердің тиістісін қолдана отырып,
өз ойыңды жаз.
Көмекші сөздер: себебі, өйткені,
сондықтан,
біріншіден,
екіншіден, қорыта айтқанда
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
пайымдау мәтінін құрап жазады;
-
көмекші сөздерді орынды қолданады;
-
сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.
Бір адамның аты мен есегі болыпты. Бір күні ол есек пен атқа жүк артып,
қалаға шығады. Жолда есек қатты шаршайды да атқа:
-
Досым, мен қатты шаршадым. Менің жүгімнің жартысын алшы.
Маған
көмектесші, - дейді.
Бірақ ат есектің сөзін тыңдамай, оған көмектеспей жүре береді. Бір уақытта
есек жүре алмай, құлайды. Осы кезде адам есектің барлық жүгін аттың үстіне
артады. Ат өз жүгін және есектің жүгін көтереді. Сонда ат қатты өкінеді.
46