сегізінші
он алтыншы
отыз
қырық
үшінші
екі
үш жүз елу жеті
•
Есептік және реттік сан есімдердің қандай айырмашылығы бар?
•
Реттік сан есімдерді қатыстырып 2 сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
-
есептік сан есімдерді анықтайды;
-
реттік сан есімдерді ажыратады;
-
есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын түсіндіреді;
-
реттік сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырады;
-
сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
55
4-
ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты
3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу,
ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
•
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.
•
Сұрақтарға жауап бер.
1)
Мәтін не туралы?
2)
Су табиғатта қайда кездеседі?
3)
Күнделікті тіршілікте су қалай қолданылады?
4)
Су неліктен «тіршілік көзі» болып саналады?
Дескриптор
Білім алушы
-
тірек сөздерді анықтайды;
-
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
мәтіннің мазмұнына қатысты ой қорытады.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамында кездеседі. Көптеген
өсімдіктің 80 – 95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам
ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Сусыз жер
бетіне өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды.
Ал адам өміріндегі судың маңызына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді.
Тазалық та болмайды. Судың күшінен электр қуаты алынады. Су арқылы үйді
жылытады. Өндіріс орындары сусыз жұмыс істей алмайды. Адамдар су жолымен
қатынайды, жүк тасиды. Судың тұрмыстық қажеттіліктерден басқа емдік қасиеттері
де бар. Су иммунитетті жақсартады, дене температурасын реттейді, зейінді ашады,
жұмыс өнімділігін арттырады. Сондықтан да су өмір нәрі, тіршілік көзі болып
саналады.
56
|