Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.
Негізгі сын есімдер
Туынды сын есімдер
Дескриптор
Білім алушы
-
негізгі сын есімдерді ажыратады;
-
туынды сын есімдерді анықтайды.
Домбыра үйірмесі
Мектепте әртүрлі үйірмелер бар. Мен домбыра үйірмесіне барып жүрмін.
Домбыра тарту – үлкен өнер. Домбыра – екі ішекті аспап. Мен осы аспапты тартуды
үйренгім келеді.
Домбыраның даусы майда қоңыр, құлаққа жағымды. Бұл
қарапайым аспаппен әртүрлі шығармаларды орындауға болады. Үміт
апай өте
өнерлі адам, сондықтан ол домбыра тартуды жақсы үйретеді. Домбыра тілі барлық
халықтарға ортақ. Ол қуанышты да, мұңды да білдіреді. Ол барлық адамға түсінікті.
Кейде мен қоңыр даусыммен ән саламын. Менің
дарынды домбырашы болғым
келеді.
53