Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Оқу мақсаты 3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы •
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
•
Мәтінге тақырып қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
-
Мәтін не туралы?
-
Мәтіннен қандай ой түйдің?
-
Мәтіндегі қай сөйлем негізгі ойды білдіреді?
-
Мәтінді қалай атауға болады?
Дескриптор Білім алушы -
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
-
мәтінге сәйкес тақырып қояды.
Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал
кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен.
Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік
ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады.
Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:
–
Мына бір кесек алтынды алып, маған бір үзім нан берші, -дейді.
–
Алтының өзіңе, нан бере алмаймын,- дейді кедей. Екінші күні бай тағы да:
–
Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере
алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық
алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі.
Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып,
жақсы көрші болған екен. Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен»
дегені осыдан қалған болар.
62