Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет161/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Мүшріктер қолы әзір 
Көрші тайпалардан өз еріктерімен қосылғандар мен жалданғандарды 
қосқанда мүшрік армиясы үш мың әскерден құралды. Жеті жүзі сауыт киген, 
екі жүзі атты, бұған қоса үш мың түйе алынды. 
Әскерлердің көңіл-күйін көтеріп, оларды ұрыста қолдау, дем беру 
мақсатымен армияға әйелдер де алынды. Олардың міндеті - ән шырқап
дабыл қағу, қалайда әскер көңілін көтеру. 


244
Қолбасшылыққа 
Әбу 
Суфиан 
тағайындалды. 
Әйелдерді 
Әбу 
Суфианның әйелі, Бәдірде әкесінен айрылған Хинд басқарды... Жүрегі кекке 
толы бұл әйел Бәдірде өлген жақындарының өшін алмай қоймауға әйелдерге 
ант ішкізді. 
Құрайыш қолының үш байрағы бар. Біреуін Суфиан ибн Уәйф, 
екіншісін Талха ибн Әби Талха, үшіншісін - Ахабиш тайпасының өкілі 
ұстады... 
Сөйтіп құрайыштар жан-жақты дайындықтарын тәмамдап, жиырма 
күндік сапарға шықты. 
Мәдинаға жеткен хабар 
Мәдинаға, Пайғамбарымызға суыт хабар жетті. Хабаршы қолындағы 
хатты Аллаһ Елшісіне табыстады. Хатта Құрайыш мүшріктерінің Мәдинаны 
басып алу мақсатымен, сақадай сай қаруланып жолға шыққандығы 
жазылыпты. Пайғамбарымыз көкесі Хазіреті Аббастың қолтаңбасын дереу 
таныды. Расулаллаһтың бұйрығымен сол жердегі мұсылмандарға жәрдемші 
болып, әрі айналасындағы оқиғалардан хабардар етіп отыру үшін оның 
Меккеде тұрып жатқан жайы бар-ды. Реті келгенде Мәдинаға көшкісі 
келетінін айтқанда Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
"Сенің отырған жеріңде істегендеріңнің өзі - маңызды жиһад. Меккеде 
тұрғаның қайырлы",- деген-ді. 
Мұхаммед (с.а.у.) алғашқыда келген хабарды жасырын ұстауға 
бекінген. Алайда суыт хабар тез тарайды емес пе, қалай дерің бар ма, 
құрайыштың Мәдинаға шабуылдап келе жатқанынан халық әп-сәтте 
құлақдар 
болып 
үлгерді. 
Хазіреті 
Расулаллаһ 
алдымен 
құрайыш 
мүшріктерінің жалпы жағдайын бақылау мақсатымен бірнеше сахабасын 
Меккеге жолдады. Олар жолай құрайыш қолын көріп, бақылап, жай-
жапсарын білген соң келген іздерімен кері қайтты. 
Тыңшылардың әкелген мәліметтері Хазіреті Аббастың жазғандарымен 
сәйкес шықты. 
Меккеден шығып жылдамдығын арттыра түскен құрайыш қолы шәууал 
айының басында сәрсенбі күні Ухуд тауына жақын «Айнәйн» аталатын төбе 
маңында орналасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет