Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет158/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХИЖРЕТТІҢ ҮШІНШІ ЖЫЛЫ 
 
 
 
X ТАРАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


241
Ж
ОРЫҚПЕН БАСТАЛҒАН ЖЫЛ 
Хижреттің үшінші жылы. Б.ә. 624 жылы. 
Яһудилердің Ка'б ибн Әшраф есімді мықты шайыры бар-тын. Тілінің 
өткірлігімен даңқы шыққан ақын Бәдір шайқасынан соң мұсылмандар 
жеңісін қызғанып, бұрынғыдан бетер тісін қайрап, реті келгенде мазаққа 
айналдыратын. Пайғамбарымыз бен мұсылмандарды түкке алғысыз етіп 
көрсеткенімен қоймай, Меккеге жиі-жиі барып, мүшріктердің қолтығына су 
бүркіп, Бәдірде өлтірілген мүшріктерді жоқтап, артында қалғандардың 
өшпенділігін арттыра берген. Мәдинада мұсылмандардың әйелдеріне
қыздарына тілін безеп жанғалы тұрған отқа май құйған. Істеген әрекеттеріне 
масаттанып масайрай түскен. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын сол кездегі 
араб қоғамы Ка'бтың бәйіттерін қалт жібермей тыңдайтын да Исламға деген 
өшпенділіктері артып, муминдерге тіс қайрағандар саны өсе түседі. Қа'б ибн 
Әшрафтың алшаң басып ойына келгенін істегені мұсылмандардың жанын 
аяздай қарып, шыдамдарын сарыққан. 
Тек өлеңмен шектелмеген шайыр, Мұхаммедті өлтірудің жоспарын 
жасағаны да белгілі. Ақыры не керек, Мұхаммед ибн Мәслама атты сахаба 
екі-үш жолдасымен бірге жауыз Қа'бты өлтіріп тынады. 
"Дарынды ақынының өліміне яһудилер бейжай қарап қалмайды. Шу 
шығарып, лаң салады. Қа'б ибн Әшрафтың бейкүнә екендігін айтып айғайға 
басқандарға берілген жауап мынадай: 
"Ол бізді мазақ етіп, мұсылмандардың жанын жаралады. (Тіл жарасы 
жазылмайды) Мүшріктерді бізбен шайқасуға, қырқысуға итермелеумен 
болды". 
Осы оқиғадан соң яһудилер аз да болса аяқтарын тартып
Пайғамбарымызға, мұсылмандарға құрметпен қарайтын болды. 
Ашық түрде қастандық жасамағанмен, қандарында бар жауыздық 
біржола жойылды деу де мүмкін емес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет