Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет237/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХИЖРЕТТІҢ СЕГІЗІНШІ 
ЖЫЛЫ 
XV ТАРАУ 


356
Қ
АРА ЖАМЫЛЫП КЕЛГЕН ЖЫЛ 
Хижреттің сегізінші жылы Пайғамбарымызға қайғы ала келді. 
Аллаһ Елшісінің адалдығына сүйсініп Тахира атандырған бірінші әйелі 
Хадишадан туған тұңғыш қызы Зейнеп Меккеден Мәдинаға келе жатқан 
жолда мүшріктердің атқан оғы жазым тиіп, түсік тастайды. Көп қан кетіп 
ұзақ сырқаттанған ол науқасы оңалмастан о дүниелік болады. 
Айта кететін бір жайт, Пайғамбарымыздың Ибраһимнен басқа ұл 
балалары Исламнан бұрын, сәби шақта шетінеген де, қыздары ардақты 
әкелерінің пайғамбарлық дәуіріне куә болған. Бірақ Фатимадан өзгесі Аллаһ 
Елшісінен бұрын дүние салған. Фатима сүйікті әкесіне деген қимастық 
сезімін жеңе алмай Пайғамбарымыз о дүниелік болғаннан кейін алты айдан 
соң көз жүмған. 
Хазіреті Зейнеп туылғанда Мұхаммед (с.а.у.) отыз жаста. Хазіреті 
Зейнеп анасы Хадишамен бірге он жасында иман келтірген. 
Бойжеткен Зейнепті Хадиша анамыз сіңлісі Халаның ұлы Әбул Ас ибн 
Рәби'мен атастырады. Зейнеп үйленген сәтте күйеуі мұсылман болмаса да 
Пайғамбарымыз олардың отау құруына наразы болмаған. Себебі, Аллаһтан 
мұсылман қызды (әйелді) имансыз жігітке беруге тыйым салған үкім ол кезде 
түспеген еді. 
Кейінірек Расулаллаһ (с.а.у.) хижрет еткенде де күйеуі келіспегендіктен 
Зейнеп Меккеде қалып қояды. Тағдырдың тамашасы сол, Бәдір шайқасында 
Әбул Ас ибн Раби' сахабалардың қолына түседі де, Пайғамбарымыз оны 
салықсыз босатып қоя береді. Аллаһ Елшісінің бұл жақсылығына сүйсінген 
болуы керек, Әбул Ас Меккеге бара салысымен зайыбы Хазіреті Зейнепке 
ерік беріп, Мәдинаға әкесінің (с.а.у.) қасына көшуіне қарсы болмайды. 
Хижреттің жетінші жылында Әбул Ас Мәдинаға келіп мұсылман 
болғанын мойындаған соң Пайғамбарымыз Зейнепті мәхирсіз қайтып береді. 
Хазіреті Зейнеп қайтыс болғанда Мұхаммед (с.а.у.) белін буған 
орамалын шешіп, қызына іш кебін жасауға береді. Жаназасын да өзі 
шығарып, қабіріне де өзі түсіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет