Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


"Сенен рұқсат сұрап қиылғандар Аллаһқа және ақырет күніне



Pdf көрінісі
бет254/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Сенен рұқсат сұрап қиылғандар Аллаһқа және ақырет күніне 
сенбейтіндер, жүректері күдіктен арылмағандар. Олар күдіктерінде 
ерсілі-қарсылы шайқалып тұрғандар". (Тәубе, 45) 
Мұнан соңғы аятта мұсылмандарға жұбату айтылады: 
"Егер олар сендермен бірге жиһадқа шыққанда тек алауыздықты 
арттырып, ара бұзар еді" (Тәубе, 47) Мунафиқтардың жорықтан қашуы 
мұсылмандарды жолынан жаңылдыра алмады. 
Қиындық, қол байлау болған жоқшылық жан-жүректерімен Аллаһ 
жолын ұстанғандарға шыбын шаққан құрлы әсер етпегені рас. Жігіттердің 
қаруы - нар тәуекелдері еді. Уәда жотасында соңғы бақылау, тексеру 
жүргізілді. Отыз мың сарбаздың үштен бірін атты әскерлер құрады. 
Мәдинаға өкіл имамдыққа Хазіреті Мұхаммед ибн Мәслама сайланады. 
Хазіреті Расулаллаһ Хазіреті Әлиді құзырына шақыртып: "Мәдинада 
екеуіміздің біреуіміз қалуға тиіспіз", - деп екі отбасының жауапкершілігін 
жүктейді. Хазіреті Әли мұны күтпеген-ді, жылап жібереді. Пайғамбарымыз 
оған: 
"Хазіреті 
Мұса 
пайғамбар 
мен 
болсам, 
сенің 
халің 
Харун 
пайғамбардікіне ұқсайды. Еңсеңді көтер, Хазіреті Мұса Тур тауына 
шыққанда халқының басшылығын бауыры Хазіреті Харунға тапсырған. Бір 
ғана айырмашылық - мен ең соңғы пайғамбармын", - деді. Хазіреті Әли дереу 
басын көтеріп, әмірге бойұсынғанын білдірді. 
Пайғамбарымыз ең үлкен байрақты Хазіреті Әбу Бәкірге табыстады. 
Пайғамбардың өміріндегі соңғы жорықтарда байрақты Хазіреті Әбу Бәкірге 
беруі, өзінен кейін тұңғыш халифа болатынына ишара-тын. 
Ми қайнатар аптапты елең қылмастан иман атты тылсымға елтіген 
жауынгер сахабалар рәжәп айының бір бейсенбісінде Тәбүкті бетке алып 
аттанып кетті. 
Сарбаздар Хижрда 
Жол-жөнекей сегіз рет түнеп Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) жасағы 
«Хижр» деген жерге келеді. Хижр - Шам жолында орналасқан, талай жылдар 
бұрын Хазіреті Салих пайғамбардың қауымы - сәмудтың хақиқаттан бас 
тартқандары үшін бір сәтте шаң-тозаңнан көз аша алмай, лағынетке 
ұшыраған жері еді. 
Пайғамбарымыз: "Ауыр азапты тілеп алғандардың мекеніне Аллаһқа 
сиынып аяқ басыңдар. Солардың душар болғанынан Хақ сақтасын", - деді. 
Ол жерден мұсылмандарға су ішуге, тіпті құдықтан дәрет алуға да 
рұқсат берілмеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет