Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Әбу Ләһаб бастап, әйелі қостап



Pdf көрінісі
бет70/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Әбу Ләһаб бастап, әйелі қостап... 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) қарсы шығып, өле-өлгенше өрескелдігін 
тыймаған қара ниеттілердің көшін бастаушы-туысқаны Әбу Ләһаб пен оның 
әйелі Үммү Жәміл болды. 
Қаскүнем Әбу Ләһаб пайғамбардың басқан ізін аңдып, халыққа 
әлдеқалай уағыз айта бастаса, аузына қақпақ болуға тырысып, жағаласып, 
Расулаллаһтың айтқандарын жоққа шығарып, тайталасатын, елдің санасын 
улайтын. 
Оның мақсаты - Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін таратпау. 
Бір күні Хазіреті Расулаллаһ Уқаз жәрмеңкесінде қалың көпшілікке 
Аллаһтың бірлігін, өзінің пайғамбарлығын мойындауға шақырып: 


113
"Уа, халайық, лә иләһә иллаллаһ деп мәңгі азаптан құтылыңдар", - деп 
насихатын бастай бергені сол еді, Әбу Ләһаб килігіп кетіп: 
"Ей адамдар, бұл менің жақын туысым, айтқандары шылғи өтірік. 
Өзінің осылай жалған айтып, жалпақ басқысы келген арам ниеті бар. Бірде-
бір сөзіне сенбеңдер, жанына жоламаңдар, аулақ жүріңдер", - деп, онсыз да 
екіұдай ойдағы халықты таратып жіберді. 
Бұл ғибратқа толы көрініс: інісі Аллаһқа иман келтіруге, мәңгілік 
бақытқа шақырады, ал ағасы болса, оған қарсы шығып, көпшілікті де қарсы 
қояды. 
Әбу Ләһаб мұнымен де тынбады. 
Бір күні пайғамбардың есігінің алдына, үйінің тура кіре берісіне иісі 
мүңкіген қоқысты төгіп, үлкен іс тындырғандай масайрап тұрады. Бірақ 
қуанышы көпке бармай, (ол кезде әлі иман келтірмеген болса да) Хазіреті 
Хамза әлгі сасық шіріндіні жинап алып Әбу Ләһабтың басына төгеді. 
Мұны көрген Пайғамбарымыз ақырын ғана: 
"Ей, Әбдіманаптың ұрпағы, бұларың не? Көрші деген тату болмас па?" 
- деп, табалдырықта қалған қоқысты тазартып сыпырады да қояды. 
Іштен шыққан жау жаман деген осы-ау. Қасиетті Құранда Әбу 
Ләһабтың тозақ отын тілеп алғандығы, сұрап алған аурудың емі 
табылмайтындығы білдірілген. 
Қарғыс атқан Әбу Ләһаб кей-кейде Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) 
мазасын алу үшін терезесіне тас жаудыратын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет