Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


"Сендер адамды "Раббым - Аллаһ" дегені үшін өлтірмексіңдер ме?



Pdf көрінісі
бет73/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Сендер адамды "Раббым - Аллаһ" дегені үшін өлтірмексіңдер ме? 
(Көздеріңді ашып түсініп қарасаңдар етті,) Ол сендерге Жаратушыдан 
таңғажайып муғжизалар әкелді. Ол сендер ойлағандай өтірікші болса, 
күнәсін өзі көтереді. Ал егер айтқаны ақиқат болып шықса, 
айтқандарының бір бөлігі болса да сендердің бастарыңа келеді. Аллаһ 
асып-тасқанды, дін хақында жалған сөйлегенді тура жолға салмайды" -
деген аятты оқыды. (Мумин сүресі, 40/28) 
Әбу Жәһил мен Уәлид ибн Мұғира бастаған махзум руынан шыққан 
қаныпезер мүшріктер кеңесе келе, Хазіреті Мұхаммедті өлтіруге белдерін 
бекем буады. Көзі қанталаған Уәлид ибн Мұғира бұл жолы Аллаһ Елшісін 
көзін жоюға өзі білек сыбанады. 
Қанды пиғылын жүзеге асыру үшін ең оңтайлы сәтті - Хазіреті 
Мұхаммедтің 
намазға 
тұрған 
кезін 
таңдайды. 
Сақадай 
сайланып, 
пайғамбарымызға 
жақындайды. 
Бірақ 
ғажапқа 
қараңыз, 
Хазіреті 
Мұхаммедтің (с.а.у.) сұлбасы көзіне бір көрініп, бір көрінбей көлбеңдейді. 
Алды-артына жалтақтаумен Уәлидтің басы айналады. Құран оқыған даусын 
ап-анық ести тұра, өзін көре алмай мүлдем сасқалақтайды. Әрі-бері 
әуреленіп, көре алмаған соң қайтып келіп, болған жайтты жолдастарына 
баяндайды. 
Мүшріктердің біреуі сеніп, біреуі сенбей, топырлап мешітке келеді. 
Жаратқан ие жар болды деген осы, мүшріктер тобымен Мұхаммедтің (с.а.у.) 
даусы естілген тұсқа ілгерілесе, пайғамбардың даусы арттарынан естіледі, 
бұрылып кейін жүрсе, Құран әуені әдепкі тұстан естіліп, әбден мең-зең 


118
болады. Ақыры мешіттің ішінде ілгері - кейін жүрумен шаршап, түк түсінбей 
тарады. 
ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕД ПЕН МҰСЫЛМАНДАР - ДАРУЛ-ӘРКАМДА 
Біздің эрамыздың алты жүз он бесінші жылы... 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық түскелі бес жыл өткен... 
Құрайыш 
мүшріктері 
азғындай 
түскен, 
мұсылмандарға 
күн 
көрсетпейді. Тағдыр тауқыметі талай тура жолдағыларды тықсырғанмен 
иманның ләззатын татқандар өліспей беріспеуге бекінген. Дегенмен, ашық 
түрде ғибадат жасау мүмкін болмай қалған-ды. 
Ислам мен иман ақиқаттарын көпшілікке үйретіп, Аллаһқа емін-еркін 
құлшылық қылу үшін сенімді орын қажеттігі туды. Аллаһ Расулы өзі бас 
болып ғибадатханаға қолайлы жер іздеді. Ақыры кеңесе келіп, Сафа 
төбесінің шығысында, тар, тұйық көшенің қалтарысында орналасқан Әркам 
ибн Әбил Әркамның үйі таңдалды... 
Әркам - алғашқы мұсылмандардың бірі еді. Оның үйі кіріп-шығуға 
қолайлы, көзден таса, әрі сырттан келген-кеткендерді бақылауға оңтайлы... 
Мұнан былай пайғамбарлар сәруары - Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 
осында ұстаз, тұңғыш мұсылмандар - оның тәліміне мойынсұнған шәкірттер. 
Дарул-Әркам, яғни Әркамның үйі аталған құтты мекенде үйренген дәріс-
тағлымдарын мумин шәкірттер мүмкіндік шеңберінде өзгелерге жеткізіп 
бақты. 
Сөйтіп, Дарул-Әркам пайғамбарымыз ұстаздық еткен тұңғыш медресе, 
бірінші Ислам университеті ретінде тарихқа алтын әріптермен жазылды. 
Хазіреті Омар мұсылман болғанға дейін Аллаһ Елшісі Ислами 
тәлімгерлік міндетін осы жерде атқарды. Хазіреті Омар бастаған бірқатар 
сахабалар осы үйде иман нәрімен сусындау құрметіне ие болды... 
Дарул-Әркамды кейіннен Әркамның әкесі өз ұлына ешқашан 
сатылмайтын және мұраға қалдырылмайтын мирас ретінде тарту еткен. 
Ислам тарихында маңызды орны бар қасиетті отау бүгінде Қағбаның 
қарсысында "Дарул Хайзуран" аталатын діни медресеге берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет