МАГНИТТІК МЕРИДИАН – геомагнит ӛрісінің күш сызығының
Жер бетіндегі проекциясы. Барлық магниттік меридиан күрделі
қисық сызықтар түрінде Жердің оңтүстік және солтүстік магниттік
полюсіне жиналады. Бақылаушы (құрал) орны арқылы ӛтетін және
геомагнит ӛрісінің осы нүктедегі кернеулік векторы болатын
вертикаль жазықтықты магниттік меридиан жазықтығы деп атайды.
Магниттік меридиан мен географиялық меридиан жазықтықтары
аралығындағы бұрыш, яғни дәл осы маңдағы жер беті нүктесі
магниттік бұрылу деп аталады. Жердің магниттік меридианымен
қатар геомагниттік меридиан ұғымы да жиі қолданылады. Ол жер
бетінің қарастырылатын нүктесі арқылы ӛтетін жазықтық пен
солтүстік және оңтүстік геомагнит полюстерін қосатын түзу
сызықтың жер бетіндегі қиылысу сызығы болып табылады.
МАНОМЕТР (гр. manos — сирек, тығыз емес) — сұйықтық
пен газ қысымын ӛлшеуге арналғанприбор. Манометр қысым
шамасын нӛлден (вакуумнан) бастап есептелетін абсолюттік
қысымды ӛлшейтін манометр және артық, яғни абсолют қысым
мен атмосфералық қысымайырмасын ӛлшейтін манометр (абсолют
қысым атмосфералық қысымнан артық болған жағдайда) және екі
түрлі (атмосфералық қысымға тең емес) қысымның айырмасын
(тӛмендеуін) ӛлшейтін дифманометр (дифференциалдық манометр)
болып ажыратылады. Атмосфералық қысым барометрмен, нӛлге
жуық қысым вакуумметрмен ӛлшенеді. Манометр шкалалары әр
түрлі бірліктерде (кгк/м² немесе кгк/см², бар, мм сынап бағаны, мм
су бағаны, т.б.) градуирленген. Бірліктердің халықаралық
жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па) алынған. Жұмыс
істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы түрлендіргіштің)
құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік
(поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық,
сильфондық) болады. Сондай-ақ, кӛрсетуі тікелей саналатын
немесе тіркелетін, жұмысы әр түрлі заттардың физикалық
қасиеттерінің қысым әсерінен ӛзгеруін ӛлшеуге негізделген
манометрлер
де
қолданылады.
Әр
түрлі технологиялық
процестерді бақылау, автоматты реттеу және басқару жүйелерінде
пневматикалық немесе электрлік шығу сигналдары үйлестірілген
шкаласыз манометрлер пайдаланылады. Манометр - қысым
айырымын ӛлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық
манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады (1,а-сурет).
Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын ӛлшеу
үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын
ӛлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір
тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен
жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір
деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек
атмосфералық қысым ғана әсер етеді. Енді резеңке түтікшені бір
бетіне резеңке қабықша қапталған дӛңгелек қорапшамен
жалғастырайық та, қорапшаны ақырын қолымызбен басайық (1,ә-
сурет). Бұл кезде қорапшамен жалғасқан манометр тармағындағы
сұйықтың деңгейі тӛмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың
деңгейі жоғары кӛтеріле бастайды. Қорапты неғұрлым күштірек
бассақ, соғұрлым манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің
айырымы үлкен болады. Себебі резеңке қабықшаны басқан
кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы
бойынша қысымның осы артуы манометрдің қорапшамен
жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның
артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйықтың артық
бағанының түсіретін қысымымен теңелген кезде, сұйық тепе-теңдік
қалыпқа келеді. Техникада кӛбінесе сұйықтың, газдың немесе
будың қысымын ӛлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде
оны Бурдон манометрі деп те атайды. Оның жұмыс істеу принципі
үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа
ұқсайды (2-сурет). Металл манометрдің негізгі бӛлігі - доға тәрізді
иілген металл түтікше (3-сурет). Оның бір жағы бітеу болады да,
екінші жағы кран (4) арқылы қысым артқан кезде түтік түзулене
бастайды да, оның бітеу ұшының қозғалысы иіндіктің (5) және тісті
тегершіктердің (3) кӛмегімен аспаптың шкаласы бойымен
жылжитын меңзерге (2) беріледі- қысым кеміген кезде, түтік ӛзінің
серпімділік қасиетінің арқасында бастапқы қалпына келеді де,
меңзер шкаланың нӛлдік бӛлігін кӛрсетіп тұрады. Адамның қан
айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен
(гр. сфигмос - жүрек соғуы) немесе сфигмотанометрмен ӛлшенеді
(4-сурет). Бұл құрал сынапты немесе металл манометрден (1),
манжеттен (2) және манжетке ауа айдайтын алмұрт пішінді
үрлеуіштен (3) тұрады. Манжет дегеніміз - жалпак резеңке камера,
сыртында матадан істелген қапшығы болады. Манжет резеңке
түтіктер арқылы манометрмен және үрлеуішпен жалғасады.
Қысымды ӛлшеу үшін манжетті әдетте білекке орайды. Осыдан
кейін манжетке ауа айдалады, ол қолды қысып, салатамырға
(артерия)
қанның
келуі
тоқтағанға
дейін
жүргізіледі.
Стетоскоптың кӛмегімен осы салатамырдың соғуы тыңдала
отырып, манжеттегі ауа біртіндеп босатылады. Манжеттегі қысым
салатамырдағы қысымнан аз (немесе тең) болған кезде стетоскопта
қанның соққаны естіледі, ал манометр жүректің қызметін
сипаттайтын қан қысымының жоғарғы мәнін кӛрсетеді. Осыдан
кейін манжеттен ауа жайлап шығарыла бастайды. Дыбыстың
ӛзгерісі қанның айналуына манжеттің бӛгет болмайтынын
білдіреді. Салатамырдың қызметін сипаттайтын бұл қан қысымын
да манометр кӛрсетеді және ол қан қысымының тӛменгі мәні
болады. Жүрек жұмысы және қан қысымының салатамырдағы және
кӛктамырдағы айырымы - қан айналымның негізгі себебінің бірі.
Ал қан қысымы оны ӛзгеріске ұшырататын ауруларды танып білуге
себептеседі. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы 110-120
мм сын. бағ., тӛменгісі 70-80 мм сын. бағ. шамасында.
МАНТИЯ, Жер мантиясы (грекше mantіon — жамылғы), Жердің
қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера. Жер
кӛлемінің 83%-ын, массасының 2/3-ін алып жатыр. Температурасы
2000 — 2500°С. Жоғарғы мантияның қалыңдығы 800 — 900 км,
тӛменгі мантияның шекарасы 2900 км тереңдікте орналасқан.
Болжал бойынша мантия құрамы ауыр минералдарға бай,
негізінен, магний мен темірден тұрады. Астеносфера қабатынан
басқа мантиядағы заттар қатты кристалдардан құралған. Мантия
тектоникалық қозғалыстармен, магмалық, жанартаулық, т.б.
процестермен тығыз байланысты. Сейсмикалық толқындардың жер
мантиясының қимасынан ӛту жылдамдығы да қима деңгейінің
терендігіне тікелей байланысты. Нақ осы байланыс негізінде, яғни
сейсмикалық
толқындардың
мантия
қимасынан
ӛту
жылдамдығындағы ӛзгерістерді саралау нотижесінде Ж.м. шартты
түрде үш бӛлікке бӛлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы —
Мохоровичич және Голицын жазықтықтарының аралығы; тӛменгі
мантия, немесе мантияның Д облысы (кейде "45 градусты даралану
деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы
жабынының (2900 км терендік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі
деп аталатын мантияның ортаңғы бӛлігі (мантияның С облысы)
Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің"
аралығына орналасқан. Астеносфера (кӛне грекше: asthees — осал
және кӛне
грекше: —
шар)
—
Жер
шарының
жоғары мантиясындағы қаттылық,
беріктік
және
тұтқырлық
қасиеттері тӛмен қабаты, литосфера тӛсеніші. Қатты заттан
құралған астеносфераға кей жағдайда сұйықтық қасиеттер тән.
Астеносфера аз ғана тектоникалық кернеулерәсерінен-ақ аққыштық
қасиетке
ие
болады.
Сӛйтіп
ол
литосфера
массасыныңгидростатикалық тепе-теңдік
жағдайын
сақтайды.
Астеносфераның жоғарғы жапсары құрлықтарда орта есеппен 100
км тереңдікте, мұхит түбінде 50 км тереңдікте, ал тӛменгі шекарасы
250-350 км тереңдікте орналасқан. Астеносфера қабаты ӛзін
кӛмкерген литосфера аумағындағы сан алуан эндогендік
процестердің
(тектоникалық
қозғалыстар,
магмалар әрекеті, метаморфтану т.б.) жүруіне әсерін тигізеді.
Сондықтан
Астеносфераның
планетаның геологиялық даму
тарихында алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |