Аласа таулардың шөлейт типтес ландшафтылары. Алтай, Сауыр,
Тарбағатай, тауларында 500-600 м-ден 900-1100 м-ге, Жоңғар алатауында –
600-700 м-ден 1200-1300 м-ге, Солтүстік Тянь - Шаньда 700-900 м-ден 1500-
1800 м-ге, Оңтүстік – Батыс Тянь – Шаньда 800 м-ден 1500 м-ге дейінгі тау
жоталары мен тау беткейлерінде орналасқан. Жеке дара тау сілемдерінде
Ұлытау, Қызылтас және Шыңғыстау таулары жатады. Жер бедері ұсақ шоқылы
ежелгі тау жұрнақтары тараған жазық болып келеді. Ірі тау сілемдерінің
етектері ысырынды жыныстың тізбектерінен түзілген еңіс жазықтықтардан
тұрады. Олар кесек тасты, қиыршық тасты, малта тасты болып келеді де, лесс
немесе
саздақты
жамылғылары
мен
көміледі.
Бұл
жерлердегі
ландшафтылардың қалыптасуында орографиялық фактордың ролі орасан зор .
Аласа тауларда өзен торы сирек, көл суы аз. Жер астындағы су қара сулы
белдеу құрайды. Артезиан суы да баршылық. Тау басынан ағып шыққан өзен
суы мен бірге артезиан суы егістіктерді суаруға және ауыз су ретінде
пайдаланылады. Аласа таулардың топырағы ашық түсті қызыл қоңыр
топырақты жамылғыдан тұрады.Өсімдіктері сортаңды, жусанды, дәнді
шөптесіндер мен қарағандылы, тобылғылы бұталардан құралған. Дауарларды
сирек, ежелгі қара құйрық құлан сияқтылар үркіп жер ауып кеткен. Қазір
Сарыарқаның шөлейтінде ақ бөкен сақталған. Сарыарқадағы Ұлытау, Қызылтас
таулары мен Маңғыстаудың Қаратау және Ақтау сілемдерінде ландшафт
кешендері жалаңаш тасты, қорым тасты ұсақ шоқылардан; тал және көктерек,
қайың өскен орман шоқтары бар қиыршық тасты, саздақты сай-саладан;
сортаңды сарғылт және сұр қоңыр топырақты сораң шөпті жусанды жамылғы
тараған ұсақ шоқы аралық саздақты жазықтан тұрады. Демек, ландшафт
кешендерінің кестесі бес буын болып келеді, кейде үш, төрт буыннан тұруы да
мүмкін. Табиғатта ландшафт кешендерінің буын саны молайған сайын олардың
өміршеңдігі де артады. Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь
– Шань тауларының етектеріндегі шөлейт типтес ландшафттар да кешенді
болып келеді. Ландшафт кешендері сұр және қызыл қоңыр топырақты
жерлердің жусанды - сораңды, жусанды – дәнді шөптесіндер мен эфемелі –
жусанды өсімдік топтары тараған малта тасты, саздақты тау етегіндегі
ысырынды жыныстар тізбегінен тұратын еңісті жазықтардан құралады.
Ландшафт кешендерінің құрамына таудан бастау алған кіші - гірім өзен
аңғарлары да кіреді. Олар көбіне тоғайлы, шалғынды болып келеді, кейде
бұталы құры сай тектес болып та кездеседі. Ірі тау етегіндегі шөлейт типті
ландшафтылы белдеуге халық жиі қоныстанған. Жер көбіне егістікке
пайдаланылады. Көкөніс, жеміс бақтары, жүзім, техникалық дақылдар
өсіріледі. Суармалы танаптарда жыл сайын тұрақты бітік өнім алынады.