Оқытушы: : х.ғ.к аға оқытушы Сейітқасым Ж
7.1. Пән атауы: Актиноидтар және лантаноидтар (2кредит, 90сағат) Оқытудың мақсаты: Актиноидтар және лантаноидтар элементтердің ішіндегі
радиоактивті элементтерді оқыту, атом электро станцияларында қолдану, Өз еркімен ыдырауы
және әр түрлі сәулелер шығаруы.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары):Д.И Менделеевтің периодтық заңы және
периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Актиноидтарға жалпы сипаттама, химиялық және физикалық
қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы. Лантаноидтарға жалпы сипаттама, химиялық және
физикалық қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы. Радиоактивті элементтер.
Күтілетін нәтижелері:«Актиноидтар және лактиноидтар» химиясын оқу барысында
студенттерге Менделеевтің периодтық системасындағы үшінші топтың қосымша топшасындағы
элементтер туралы, алыну жолдары, қасиеттері, қоланылуы туралы түсініктер қалыптасады.
Актиноидтар және лактиноидтар пәні – элементтер химиясы, жалпы химия, бейорганикалық
химия пәндерін оқып үйренуге негіз болады.
Пререквизит: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері.
Постреквизит: Химия қосылыстарды синтездеу.
Оқытушы: химия магистрі, аға оқытушы Егембердиева С.
7.2. Пән атауы: Инертті газдар (2 кредит, 90сағат) Оқытудың мақсаты: Табиғатта таралуы және алынуын, инертті газдардың физикалық және
химиялық қасиеттерін, инертті газдарды медицинада, техникада қолдануды үйрету.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Инертті газдардың ашылу тарихы. Инертті
газдардың Менделеевтің периодтық таблицасында орналасуы. Табиғатта таралуы және алынуы.
Инертті газдардың физикалық және химиялық қасиеттері. Инертті газдардың медицинада,
техникада қолдану.
Күтілетін нәтижелері: Білім алушы осы пәнді игеру нәтижесінде бейорганикалық
химияның теориялық ұғымдарын кеңейте және тереңдете түседі және тек элементтер химиясын
ғана емес бейорганикалық химияның негізгі заңдылықтары мен жалпы заңдарын одан гөрі терең
ұға алады.