Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет25/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
Бай КЕ, кедей КЕ

ТӚРТІНШІ САБАҚ:
Салықтар қалай пайда болды және корпорациялардың
артықшылықтары неде?
 
 
V-TAPAУ 
Мектепте Робин Гуд және оның кӛңілді жолдастары туралы 
оқығандарыңыз есімде қалыпты.
Оқытушы бұларды байлардың ақшаларын тартып алып, 
кедейлерге үлестіріп беретін, ӛмірлері романтикаға толы батырлар 
еді,дейтін. Бұл солардың тарихы деп түсіндіретін.
Менің бай әкем, Робин Гудті батыр емес қарақшы дейтін. Қазір 
Робин Гуд жоқ болсада, оның ісін жалғастырушылар бар. Мен 
мынандай сӛздерді жиі естимін: «Осы үшін неге байлар тӛлемейді?» 
немесе «Кедейлер үшін байлар салықты кӛп тӛлесін». Мұндай 
«робиңгудтық», яғни байлардан ақшаны тартып алып, кедейлерге 
берушілік идеясы, аяғында айналып келіп, сол орта класс ӛкілдері мен 
кедейлер үшін, үлкен проблемалардың бірі болды.
Ӛйткені, сол Робин Гуд идеясы негізінде орта класс ӛкілдері енді 
салық тӛлеушіліктен запа шегуде. Шындығында, салықты байлардан 
жинамайды. Мұның ауыртпашылығын негізінен орта класс ӛкілдері 
кӛтереді, кедейлер үшін салықты олар тӛлейді, әсіресе оның жоғары 
сауатты бӛлігі.
Мұның механизімін дұрыс түсіну үшін, оның барлығын тағыда 
тарихи перспективалық тұрғыдан қарауымыз керек.
Салықтар тарихын еске түсірелік. Менің оқымысты әкем, білім 
беру тарихының маманы болатын, ал бай әкем- салық тарихының. Бай 
әке, бізге Майк екеуімізге, алғашқы кезеңде Англияда және 
Америкада салық болмаған,- деп түсіндіретін.
Кей уақытта соғыс шығындарын ӛтеу үшін, уақытша ақша 
жиналатын. Король немесе Президент үндеу салып, әр адам ӛз үлесін 
қосуды сұрайтын.


103 
Мысалы, Англияда 1799-1816 жылдары Наполеонмен соғыс үшін 
салық жиналған, ал Америкада 1861-1865 жылдарғы Азамат соғысы 
кезеңінде.
Ақырында Англия 1874 жылдан бастап тұрақты салық тӛлеуді 
ӛмірге енгізеді. Америка 1913 жылы ӛз Конституциясына 16-шы 
ӛзгерісті енгізіп, табыс салығын тӛлеуді тұрақты түрге айналдырады, 
дегенмен, Англияда да, Америкада да ӛз азаматтарының салықты 
тұрақты түрде тӛлеу қажеттілігіне кӛздерін жеткізу үшін, 50 жыл 
уақыт қажет болған. Бұл тарихи деректер, салық түрлері тек қана 
байлардан ғана алынсын дегенді кӛрсетпейді.
Бай әке нақ осы жағдайға біздің назарымызды аударды. Оның 
түсіндіруінше, салықтар идеясы кең таралып, халық тарапынан қолдау 
тапқан себебі: кедейлер мен орта класс ӛкілдеріне, салық тӛлеушілік 
байларды жазаға тарту үшін енгізіледі деп түсіндірген.
Міне, сондықтан халық осы Заң үшін дауыс беріп, оны 
Конституциялық күші бар түріне айналдырған. Алайда, Заң байларға 
қарсы қабылданғанмен, кедейлер мен орта класс ӛкілдері осы Заңды 
қолдан дауыс бергендерімен, ақырында ӛздеріне қарсы қабылданған 
болып шығады.
Мемлекет ақшаның түсе бастағанын кӛрген соң, оның араны 
ашыла түсті дейді,- бай әке.
Біз, сенің әкең екеуіміз, қарама-қайшылықтамыз. Ол мемлекеттік 
бюрократ, ал мен капиталистпін.
Біз ақша табамыз және ӛз жетістіктерімізге қарама- қайшылықты 
тәсілдермен кол жеткіземіз. Мысалы, ол ақшаны, ақша шығарып, 
адамдарды жалдау арқылы табады. Ақшаны кӛп жұмсап, кӛп адам 
басқарған сайын, оның мекемесі үлкейе түседі. Мемлекет 
құрылымында: неғұрлым кәсіпорындар мен Мекемелер үлкен болса, 
солғұрлым оның қадірі арта түседі. Ал менің мекемеде инвесторлар 
неғұрлым адамдарды аз алып және соғұрлым оларға аз ақша 
жұмсағаным, үшін мені қадірлейді. Міне, сондықтан мен мемлекеттік 
шенеуніктерді жақсы кӛрмеймін. Олардың мақсаттарының кӛпшілігі 
іс адамдарының мақсаттарынан үлкен айырмашылықтары бар. 


104 
Мемлекет үлкейген сайын, оған сондай кӛп ақшалар қажет бола 
бастайды, біз оны салықтар түрінде тӛлейміз.
Менің оқымысты әкем, мемлекет адамдарға кӛмектесуі керек,- 
деп шынайы сенетін. Ол Джон Кеннедиді және оның "Бейбітшілік 
корпусы" атты (американдық еріктілерді, даму жолындағы елдерге 
жұмысқа жіберу) идеясын жақсы кӛретін. Мұның оған ұнағаны 
соншалықты, ол мамам екеуі осы «Бейбітшілік корпусына» мүше 
болып кіріп, Малайзия, Тайланд және Филиппин елдеріне еріктілерді 
дайындауға ат салысты. Білім беру бӛліміне және "Бейбітшілік 
корпусына" адамдарды кӛптеп тарту мақсатында, ол бюджетке 
гранттар мен ақшаның кӛп түсушілігіне құлшыныс жасайтын. Бұл 
оның жұмысы еді.
Мен он жасымнан бастап, бай әкеден-мемлекеттік шенеуніктер 
жалқау, ұрылар дегенді ести бастадым, ал керісінше кедей әкем, 
байлар- сараң алаяқтар, оларды кӛп салықтар тӛлеуге мәжбүр ету 
керек, - дейтін. Бір себептен екеуінікі де дұрыс еді. Бірі, қаланың ірі 
капиталисі әкеме жұмыс істеп, кешке қоғам қайраткері ӛз әкеме оралу, 
маған оңай емес еді.
Қайсысына сену керек?
Дегенмен, салықтар тарихын зерттесек, қызық тенденциялардың 
барлығын кӛреміз. Мен жоғарыда атап ӛткенімдей, салықтар туралы 
Заңның қабылдануы кӛпшіліктің «робингудтық» экономикалық 
теорияға сенгендігі еді, яғни, байлардан барлығын тартып алып, 
қалғандарға бӛліп беру идеясы. Мұның проблемасы мынада: 
мемлекеттің аранының ашылғаны соншалықты, салықты орта класс 
ӛкілдерінен де алуға тура келеді, бүгінгі күнге дейін оның шекарасы 
әлі тӛмен қарай түсуде. Ал, байлар бұдан бірден ӛздеріне жаңа 
мүмкіншіліктердің бар екенін кӛреді. Олар енді бұрынғы ескі 
ережелермен ойнамайды. Жоғарыда айтылғандай, сол уақыттың 
ӛзінде байлар корпорацияны құруды үйренген еді. Меншіктің бұл 
түрі, әсіресе әскери-теңіз флотын құру кезеңінде кең тараған болатын. 
Бай адамдар әр саяхат сайын, күрделі салымдардың жойылып кету 
қаупін 
азайту 
үшін, 
корпорациялар 
құрған. 
Саяхаттарды 


105 
қаржыландыру мақсатында, олар ӛз ақшаларын корпорацияға 
біріктерген.
Одан кейін корпорациялар, жаңа жерлерден асыл қазыналарды 
алып келу үшін, арнайы командаларды жалдаған, кемелер қасіретке 
ұшырап, командалар құрып кеткенде, байлар тек қана осы 
корпорацияға бір саяхат үшін, қосқан ақшасынан ғана айырылған. 
Тӛмендегі схемада, корпорацияның жеке адамның қаржылық есебінен 
калай шығатындығы кӛрсетіледі:
Жеке 
корпорация 
Корпорация идеяларының құқықтық негізі- байларға, кедейлер 
мен орта класс ӛкілдеріне қарағанда басымдылық береді.
Мені екі әке тәрбиеледі: социалист және капиталист. 
Капиталистің қаржы жӛніндегі философиясының ойға қонымды 
екенін тез түсіндім, ал социалистер болса ақыр соңында қаржылық 
білімдерінің жетіспеушілігінің салдарынан ӛз-ӛздерін жазалайды, деп 
шешті. «Байлардағының барлығын тартып аламыз!»- деп қиқу 
салатындар не ойлап тапсада, байлар оларды алдап кететін жолды 
табады. Міне,сондықтанда салық тӛлеу ақырында орта класс 
ӛкілдерінің үлесіне деген еді. Байлар зерделі қауымның кӛпшілігінің 
қаржы туралы ештеңе де білмейтіндіктерін пайдаланып, алдап кетіп 
отырған.
Барлығын алдап кетуді байлар қалай жүзеге асырған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет