172
келіп кӛрмегені үшін, қашанда ренжитінмін. Оның ғұмыр бойы
мемлекетке жұмыс істеп, ӛлгенінде
ештеңесі болмағаны маған
ӛкінішті еді. Ӛз еңбегінің нәтижесін балаларына мұра қыла алмады.
Ал байлар басқаша істейді. Олар кӛп жұмыс атқарады, табыстарын
балаларына береді. Енді «керек» жӛнінде.
Мен бостандықты сүйемін. Ӛзімнің қалауым бойынша ӛмір
сүргім келеді. Мұны мен картайғанымда істегім келмейді.
Ешкімге
тәуелді болғым келмейді. Мен ӛз уақытым мен ӛмірімді ӛзім билегім
келеді. Мен үшін, ақшаның жұмыс істегенін қалаймын. Бұлар, менің
эмоциялық сылтауларым.
Ал, Сіздікі ше?
Оны ӛзіңіздің қалауыңыз біледі. Мен талай рет ақшамды
жоғалттым, күйзеліске де қшырадым. Бірақ,
осы эмоциялық
сылтаулар, қайта түрегелтіп, алға ұмтылуға итермелейтін. Мен
бостандықты 40 жасымда жеңіп алғым келді, бірақ оған 47 жасымда
қолымды
жеткіздім, дегенмен бұл уақыт аралығында кӛп дүниеге
үйрендім. Жоғарыда атап ӛткенімдей, осының бәрі маған оңай болды,
-деп айтқым келгенмен, бірақ олар жеңіл болған жоқ,
сонымен қатар
соншалықты күрделі де емес еді.
Күшті ынта мен белгіленген мақсат болмаған жерде, ӛмірдегінің
барлығы да қиын болып кӛрінеді.
Сізде үлкен түрткі (мотив) болмаса, онда әрі қарай оқуға қажеті
жоқ. Мұның бәрі Сізге аса күрделі болып кӛрінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: