РУХТЫ ШЫҢДАУ
«Тәңір Жауынгері» кітабындағы соңғы 30-шы әңгіме
«Жұлдыз» деп аталады. Бұл жерде «Ақ Сарбаз» кітабында
бұрын айтылмаған демондар туралы әңгіме болады.
Бұл демондар қайдан шықты? Немесе Құдай адамдарға
қырғын әкелетін демондардың жерге оралуына неге мүмкіндік
берді?
«Ақ Сарбаз» кітабының 5-ші «Армагеддон» тарауында:
«Ғарыш Заңдарына сай барша адамзат алтыншы саты
жолына түскенде ғана бұлтарылмас Армагеддон орындалды
деп есептеуге болады. Бұл үшін қазақ халқын отаршылық
мұрасынан босатып, оған үйреншікті табиғи ортасында тіршілік
етуге барынша қолайлы жағдай жасау қажет.
Сонда ғана Ғарыш Құрылысшысы барша үшін эволюция
өрлеуінің ӘЛДЕҚАЙДА ЖЕҢІЛ ЖОСПАРЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ.
Қазір де адамдардың тағдыры әдеттегідей олардың
өз қолында. Ұлы Армагеддон болуы не 1991 жылдың 17
қаңтарындағы кіші Армагеддонды ғана місе тұту, бұның бәрі –
адамдардың өзіне байланысты» деп жазылған.
Бұл кітап шыққан 1994 жылдан бері 28 жыл өтті. Қазақ
халқын отаршылдық мұрасынан босатып, оған үйреншікті
табиғи ортада тіршілік етуге барынша қолайлы жағдай
жасалып жатыр ма?
Әрине жоқ. Қазақ санасын дінмен, бизнеспен, техникалық
дамумен отарлау бұрынғыдан бірнеше есе күшпен жүзеге
асуда. Жердің жақсысы алпауыттардың қолында. Қажет болса
киелі жерлерге шошқа апарып өсіруді жоспарлап жатқандар
бар.
Осының бәрі адамзатты үлкен Армагеддонға қарай
ақырындап алып келе жатыр. «Эволюция өрлеуінің әлдеқайда
жеңіл жоспары» адыра қалатын түрі бар.
«Қазіргі өркениет – Жер бетінде өткен бұрын-соңды
Рухани ізденіс
320
Ақ Сарбаз Әлемі
өркениеттердің ішіндегі ең азғыны» дейді Ақ Сарбаз өзінің
бейнежазбасындағы сұхбатта.
«Не ексең – соны орасың» заңдылығымен Бесінші Сатыдағы
Адамзаттың технологиялық дамудың соңына түсуі, оған өзі
секілді озбыр, зұлым демондарды тап қылғалы тұр.
Қазақтың көне ертегі-аңыздарында жалғыз көзді дәулер,
диюлар туралы айтылады ғой. Диюларды дамыған, ұшып
жүретін құдыретті күш иесі ретінде сипаттайды. Бертіндегі
ертегі-аңыздарда диюлар жоқ. Жын-пері, жезтырнақ, мыстан
секілді зұлым кейіпкерлер қалған. Сөйтсе диюлар Нұқ кезіне
дейін болып, Ғарышты жаулауға аттанған екен ғой!
Адамзатты осы уақытқа дейін Ғарыштан келетін шабуылдан
Гималай тауында орналасқан Шамбала қорғап келді.
Шамбала – екі Дүниенің ортасында орналасқан, қасиет
көздері ашылған Жандар мекендейтін Жерді Қорғау Базасы.
«Тәңір Жауынгері» кітабының 22-ші «Вадим» әңгімесінде:
«2013 жылдың 22-қыркүйегінде Нәзік Дүниеде Шамбалаға
шақырылдым.
Оның дәліздерінде жәшік арқалап ерсілі-қарсы жүрген
адамдарды көрдім. Олар қасымнан, шамамен 500 миллион жыл
бұрынғы Жер материктерінің конфигурацияларын сақтаған,
дәу глобусты шағын арба үстінде алып бара жатты.
Мен арба артынан ерген жаннан:
– Не болып қалды? Қайда көшіп барасыздар? деп сұрадым.
– Біз планетаны тастап барамыз! Миссиямыз толық
орындалды, енді бұл жақта қажет емеспіз.
– Сонда планетаны кім қорғайды? Кім бізді Эволюция
жолына бағыттап, тәлім береді?
– Планета өз Эволюциялық жоспарын ақыр соңына
дейін орындап болып, Ғарышқа Эволюцияның алтыншы
сатысын берді. Сіздің іс-амалдарыңыздың нәтижесінде
планета Люцифердің билігінен босады. Енді Жердің жаңа
Құрылысшысы бар. Сондықтан, алтыншы деңгейлі алтыншы
класс Құрылысшысының жоспарларына килігуге біздің
құқығымыз жоқ!
– Бірақ, Планета Қожайыны Ғарыштан келер шабуылға
тойтарыс бере алмайды ғой! Бізді Ғарыш Бауырластығы осы
321
күнге жеткізіп еді. Енді Адамзатты не күтіп тұр?
– Ғарыш Бауырластығының шешімі бойынша алтыншы
саты басқа Галактикаға қоныс аударады. Адамзат техногендік
тұйыққа тіреліп жатыр. Оның арғы тағдырын Ғарыш
Құрылысшысының өзі шешеді.
– Планетадағы адамзат генофондын сақтап қалу мүмкіндігі
бар ма?
– Теориялық тұрғыдан алғанда бар! Егер Жер планетасында
машинасыз рухани өркениет дамуына жағдай жасалса, Ғарыш
Бауырластығы өз Жарғысына сай Планетаны осы уақытқа
дейін қалай қорғаса, тура солай қорғай береді.
Сіз бұл планетаны біржолата тастап, ары қарай Галактикалық
Құрылысшы дәрежесіне оқу үшін Ғарыш Мектебіне қайтып
ораласыз.
– Сонымен, менің егде тартқан жасымды ескерсек, алтыншы
сатының өтпелі кезеңінде Адамдарда уақыт мүлде қалмайды
ғой!
– Бұл енді адамдардың өз проблемасы! Біз планетаны
тастап барамыз. Бұдан былай бізден көмек күтпесін» деген
жолдар бар.
Дию-демондар келсе олардың бомбалауынан адамзат
миллиондап емес миллиардтап қырылуы мүмкін. Өйткені
оларға адамзаттың емес, өздерінің түр ретінде сақталғаны
керек. Биологиялық жасы 1000 жылдан 10 000 жылға дейін
созылатын болғасын Демондар, балаларын туып, өсіруге ұзақ
жасайтын, зиянды әдеті жоқ халықтың әйелдерін ұрлайды.
Оған әрине жапон әйелдері көбірек сай келеді.
Демондарға соғыс жариялаған Сандуғаштың қарсы
әрекетінен Планетада торнада, топан су, жер сілкінісі,
жанартау атқылауы жалғасатын болса бұл Адамзатқа да
қырғын әкелмек.
Спутниктік байланысты демондар үзіп тастаған жағдайда
Бесінші Сатының барлық жетістіктері жайына қалмақ.
«Өзіңнен зор шықса – екі көзің сонда шығар» дегеннің кері
келіп, «мықтымын» деген мемлекет адамдары енді өздерінен
мықтымен соғысуға тура келеді.
«Бұл Ұлы шайқаста әр адам, әр ұлт Жаңа Су Әлемінде өмір
Рухани ізденіс
322
Ақ Сарбаз Әлемі
сүру құқығы үшін соғысады!» – дейді Ақ Сарбаз.
Демек бізден кейінгі өркениет енді Жер бетінде болмайды!
«Тәңір Жауынгері» кітабының 10-шы «Планетаның Ару-
Иесі» әңгімесінде Сандуғаш:
«Саналы Өмірді қоса алғандағы келесі Айналым қоқыстан
тазартылған Әлемдік мұхит ішінде дамитын болады. Сонда
бұл айналымдағы түйткілдердің көбі жойылып, Планета бекер
кеткен эволюциялық уақыттың есесін қайтара алады!» – дейді.
Егер сіз Жер бетіндегі соңғы шайқаста ізгілік жолында
күресіп мерт болсаңыз, Рух Әлемінен Жердің физикалық
Дүниесінде келесі қайта туғанда Су Перісі боп дамуыңыз ғажап
емес!
Су астындағы саналы өмірдің Жер бетінен артықшылығы
қандай?
Су астында ментал дене жақсырақ дамиды. Ел мен елді
шекарамен бөліп тастай алмайсың. Жаппай қырып-жоятын
қару шығара алмайсың. Тек қана Рухты жетілдіресің.
Біздің: «өмір сүргім келеді!» деп жанталасып жүргендегі
бар мақсатымыз да Рухты шыңдау ғой!
323
Достарыңызбен бөлісу: |