315
ғана өзгелерден артық санасаңыз жаңағылардан қай жеріңіз
артық болмақ?
Бұрынғы дөрекі, ашушаң мінезіңіз кетіп,
жібектей есіліп
тұрсаңыз, қонақжайлығыңыз артса,
адамдарға кешіріммен
қарауды үйренсеңіз, жүзіңізден мейірім шуағын шашып
тұратын болсаңыз – бұл айналаңызға байқалмай қалмайды.
Сіз өзіңіздің дұрыс жолда екеніңізді өз ісіңізбен дәлелдейсіз.
«Өзім сияқты ойламайтын, өзіме тең емес ортадан құтылуым
керек!» деген астам ойдан аулақ болыңыз. «Ізгі жолдас іздесең
– жалғыз қаласың» деген мақал бар.
Сіздің туысқандарыңыз бен отбасыңыз – Рух Әлемінен өзіңіз
қалап туған ортаңыз. Бәлкім мұндағы адамдар сіздің кармалық
бережақтарыңыз болар. Ешкімді де үгіттеп, болмаса күштеп
ізгілік жолына әкелуге болмайды.
Санасы бар адам барар
жолын өзі таңдайды.
Адамзат екі бағытқа шоғырланып жатқан қазіргі шешуші
кезеңде әркімнің өз жолын өзі таңдауы маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: