Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Бүйрекүсті безінің милы қабатының гормондары



Pdf көрінісі
бет72/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

11.8. Бүйрекүсті безінің милы қабатының гормондары 
Бүйрекүсті 
безінің милы қабатында катехоламиндерге жататын 
гормондар түзіледі: адреналин (80-90%), норадреналин (10-20%) және 
дофамин (1-2%). Милы қабаттағы сияқты хромаффинді жасушалар 
организмнің басқа да бөлімдерінде болады (аортада, ұйқы артериясының 
ашасында және т.б.) және олар организмнің адреналдық жүйесін құрады. 
Бүйрекүсті безінің милы қабаты – түрі өзгерген симпатикалық түйін деп те 
саналады. 
Адреналин қысқа мерзімді әсер ететін гормондар тобына жатады, себебі 
қан мен тіндерде ол моноаминоксидаза (МАО) ферментінің әсерінен тез 
бұзылады. Адреналин қанға әрдайым шығып тұрады және организмнің 
әртүрлі әрекеттік жағдайында (қан аққанда, күшті күйзелісте, тоңғанда, 
бұлшықет белсенділігі жоғарылағанда, үрейлену, ауырсыну кездерінде және 
т.б.) бұл гормонның түзілуі мен қанға шығуы күшейеді. 
Адреналиннің физиологиялық әсерлері: бауыр мен бұлшықеттегі 
гликогенді ыдыратып, қандағы глюкозаның мөлшерін көбейтеді; бронхтар 
мен бронхиолалардың бірыңғай салалы еттерін босаңсытып, олардың 
саңылауын кеңейтеді; асқорыту жүйесінің қимылын тежейді, бірақ оның 
сфинктерінің тонусын күшейтеді; жүректің соғу ырғағы мен жиырылу күшін 
ұлғайтады, өткізгіш жүйесімен 
қозудың өтуін жақсартады; қан 
тамырларының тонусын күшейтеді, жүрек, өкпе және бас миының 
тамырларын кеңейтіп, қанмен жабдықталуын жақсартады; бұлшықеттердің 
жұмыскерлік қабілетін күшейтеді. 
Кейбір физиологтардың пікірінше, адреналин «авариялық немесе 
эмоциялық гормон» деп есептеледі. Әсіресе қауырт (экстремалды) 
жағдайларда адреналин (катехоламиндер): а) бұлшықеттердің жұмысын 


күшейтеді; ә) қабылдағыштардың сезімталдығын, әсіресе көру, есту, 
вестибулярлық аппараттар жүйесін күшейтеді. 
Бұл өзгерістер қауырт жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортаның 
өзгерген жағдайларына бейімдеуге (адаптациялау) бағытталған.
Норадреналин көбіне медиаторлық роль атқарады, ол симпатикалық 
жүйке жүйесінің медиаторы құрамына кіреді, сондықтан ол ОЖЖ-нің 
нейрондарының түйіспелерінде қозуды өткізуге қатынасады. 
Бүйрекүсті бездері қыртысының сөлінісі гипоталамуспен реттеледі, оның 
артқы ядролар тобында жоғарғы вегететивтік (симпатикалық) орталық 
орналасқан. Оның белсенді болуы қанға адреналиннің көп шығуына 
келтіреді. Адреналиннің шығуы организм тоңғанда, қарқынды жұмыс 
істегенде және т.б. жағдайда рефлекторлық жолмен де жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет