Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


плаценталық лактогендік гормон (ПЛГ), релаксин



Pdf көрінісі
бет75/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

плаценталық лактогендік гормон (ПЛГ), релаксин; 


2) стероидтық – прогестерон, эстрогендер
ХГ жүктіліктің 7-12 аптасында көп мөлшерде бөлінеді, біраздан кейін 
оның түзілуі бірнеше рет азаяды және бұл гормонның сөлінісі гипоталамус 
пен гипофизге бағындайды, оның ұрыққа қарай тасымалы шектелген. ХГ-нің 
негізгі қызметі – фолликуланың дамуын ұлғайту, сары денені жасау
прогестеронның өндірілуін жеделдету. Сонымен қатар оның қорғаныстық 
қабілеті – ана организмінің ұрықты қабылдамаудан (ажыратудан) сақтандыру 
әрекеті бар. ХГ-нің аллергияға қарсы әсер етеді. 
ПЛГ жүктіліктің 6-шы аптасынан бастап бөлінеді де, біразға дейін көп 
мөлшерде көбейеді. Ол гипофиздің пролактині сияқты сүт бездеріне әсер 
етеді, ана организміндегі ақуыздар алмасуын күшейтеді. Сонымен бірге 
организмде бос май қышқылының мөлшері ұлғаяды, инсулиннің әсеріне 
тұрақтылық жоғарылайды. 
Релаксин сөлінісі жүктіліктің соңғы кезеңінде байқалады, қасағалық 
жіктесудің байламдарын босаңсытады, жатырдың тонусы мен жиырылуын 
төмендетеді. 
Прогестерон сары денеде жүктіліктің 4-6 аптасына дейін түзіледі, одан 
әрі бұл іске плацента қосылып, гормонның сөлінісі үдей түседі. Прогестерон 
жатырды босаңсытып, етінің жиыруын төмендетеді және оның эстрогендер 
мен окситоцинге сезгіштігін азайтады. Прогестерон жатырдың өсуі мен
керілуіне, сүт бездерінің дамуына және сүттің шығуына (лактация) үлкен 
әсерін тигізеді. 
Тіндік гормондар – биологиялық белсенді заттарға жатады. Олар 
көбінесе қанға шықпай, бөлінген жерінде ғана әсер етеді. Мысалы, 
простагландиндер бүкіл тіндердің микросомаларында түзіледі, асқорыту 
сөлдерінің сөлінісін реттеуге, бронхтар мен тамырлар тонусын өзгертуге, 
тромбоциттердің агрегациясына қатысады. Жергілікті қанайналысын 
реттейтін тіндік гормондарға гистамин (тамырларды кеңейтеді) және 
серотонин (тамырларды тарылтады) жатады. Жүйке жүйесінің медиаторлары 
норадреналин мен ацетилхолин тіндік гормондарға жатады деп те саналады. 
Антигормондар – гормондарға қарсы әсер ететін белсенді заттар. Олар 
организмге ұзақ уақыт сырттан гормонды пайдаланғанда (енгізгенде) пайда 
болады. Әрбір антигормонның түрлік өзіне тәнділік қасиеті болады, 
сондықтан ол тек өзіне тән гормонға қарсы әсер етеді. Ол қанға гормон 
егілгеннен кейін 1-3 айдан соң пайда болады, сонан кейін 3-9 ай арасында 
жоқ болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет