4
ЕЛ НЕ ДЕЙДІ,
МЕН НЕ ДЕЙМІН?
Акуланың түрі көп. Соның бір түрі уылдырықтан өс-
пей, бірден акула боп туады. Өзі өте ірі, өте салмақты
тұқым болса керек. Сондықтан да болуы керек, өмірге
келе сала жүзіп, жүзіп жүріп өлетін көрінеді. Жүзбесе,
судың түбіне кетеді. Өйткені ауыр. Жүзіп жүргенде бі-
лінбейді. Сәл тоқтаса қауіп, өлім...
Мен Көпен бауырымды көптен білем. Оның бір асық-
пай жүргенін, жұмыссыз жүргенін,
алаңсыз тыныш
отырғанын көргенім жоқ. Үнемі шаруа үстінде, үнемі
іздену үстінде. Әйтпесе,
әлгі акула секілді құрдымға
кететін түрі бар.
Жақсы қасиет, жақсы қылық! Жасы-
ратыны жоқ, мен өзім де осындай адаммын. Демек,
Көпенді
жақсы көруім,
табиғи туысым деп есептеуім
заңды құбылыс...
Жақсы көрудің де жақсы көруі бар... Тіпті, Көпен
өлеңдерін
оқып отырып, сол дүниелерді
өзім жазған-
дай сезінемін. Материалды игеруіне қызығамын. Тап-
танды нәрсеге табиғаты қарсы. Үнемі
жаңалыққа ұм-
тылады. Ал, жаңалық шашылып жатқан жоқ. Оны іздеу
керек! Іздеу аз. Міндетті түрде табу керек. Көпен соны
қайтсе де табады! Ол табады – мен қуанамын. …Ал-
пыс жасқа акула боп жету де оңай шаруа емес-ау.