Поэма тіліне талдау жасау



Дата26.11.2023
өлшемі17,2 Kb.
#128236
түріПоэма



1-тапсырма. «Менің шығармашылығым» Поэма тіліне талдау жасау.
Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.
Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен.
Қоштасарда өтіпті түз белінен.
Қанқалары табылып жатыр қазір
Соғыстар мен жорықтар іздерінен.
О замандас, соларды бір қараңыз:
Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.
Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,
Өшкендерді табатын бір ғана біз.
Мирасы ма, мұра ма аз ба со да?
Алынбайды алтындай қазбаса о да.
Тереңім көп, тұңғиық тарихым көп,
Жылдар көші том-томдап жазбаса да.
Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім.
Білдім бірақ найза мен аттың белін.
Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,
Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.
Жетпеген жоқ ғылымға зеректігім,
Сезбеген де емеспін керектігін.
Қала бердім жарыққа жол таба алмай,
Қараңғыға тас батып ер екпінім.
Кейін білдім жердің де шар екенін,
Өз өлшемі, өз шегі бар екенін.



Көркемдегіш құралдар

Қолданылу мақсаты













































Дескриптор:
- өлеңдегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- не мақсатта қолданылып тұрғанын талдайды.


2-тапсырма. Әр оқушы Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін негізге ала отырып, үлгіге сай «Өзім туралы» тақырыбында шығарма (120-150 сөз) жазады.


Дескриптор: Әр оқушы Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін негізге ала отырып, үлгіге сай «Өзім туралы» тақырыбында шығарма (120-150 сөз) жазады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет