43
математикалық дәл эллипстерді де, эллипстік доғаларды да салуға мүмкіндік бар.
Ол үшін Эллипс (ellipce)
командасы қызмет етеді.
Графикалық жүйе эллипстарды салудың бірнеше нұсқаларын ұсынады.
Эллипсті берілген екі осі бойынша салу мысалын кӛрсетейік (2.20-сурет).
Компьютердің бірінші сұранысы:
Specify axis end point of ellipse or [Arc/Center]:
(Конечная точка оси эллипса или [Дуга/Центр]:)
Осьтің бірінші (1) нүктесін енгізу керек. Келесі сұраныс:
Specify other endpoint of axis:
(Вторая конечная точка оси:)
Бұл сұранысқа жауап ретінде осьтің екінші (2)
нүктесін енгізу керек. Жүйе бұл екі нүкте
арқылы
эллипстің центрін анықтайды (бірінші
мен екінші
нүктелердің ортасы).
Әрі қарай келесі сұраныс болады:
Specify distance to other axis or [Rotation]:
(Длина другой оси или [Поворот]:)
Осы кезде екінші осьтің ұзындығына тең санды енгізу керек. Егер үшінші (3)
нүктені кӛрсетсеңіз, жүйе бұл нүктеден эллипс
центріне дейінгі қашықтықты
екінші жарты осьтің ұзындық ретінде қабылдайды да, осы параметрлер бойынша
эллипсті салады.
Егер компьютердің бірінші сұранысына CENTER (ЦЕНТР)
опциясын
таңдасақ, келесі сұраныс мынадай болады:
Достарыңызбен бөлісу: