Бақылау сұрақтары
1. Еңгізу-шығаруды басқару жүйесінің жұмыс мақсаты
2. Еңгізу-шығаруды басқару жүйесінің негізгі функциялары
3. Есептеу жүйесінде еңгізу-шығаруды басқару үшін қандай принциптер қолданылады
32
9 дәріс. . Файлдық жүйенің негізгі функциялары. Файлдық жүйенің құрамдары.
Әр бір операциялық жүйе бір түсініктемеге қолданылады оның бірі болып үрдіс табылады. Ал
екінші түсінік, олда өте маңызды – ол файл түсінігі.
Файлдық жүйе – бұл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы
деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.
Файлдың негізгі қасиеттері.
1. Файл – бұл аты бар және осы атқа сілтеп файл мазмұнымен әрекеттесуге мүмкіндік беретін бір
объект. Әдетте файл аты – ол тізбекті бір символдар, оның үзындығы операциялық жүйеге
байланысты.
2. Орналасудан файлдың тәуелсіздігі. Нақты файл жұмыс орындау үшін файлдың сыртқы
құрылғыда орналасуы жайында ақпараттың қажеті жоқ.
3. Енгізу-шығару функцияларының жиынтығы. Әр бір операциялық жүйе файлмен алмасуды
қамтитын функциялар жиынтығын анықтайды. Көбінесе функциялар жиынтығы келесі сұраныстардан
тұрады:
1. файлды жұмыс жасау үшін ашу . Бар немесе жаңа файлды ашуға болады.
2. Оқу/жазу . Көбінесе файлдармен алмасу бірнеше деректер блогымен ұйымдастырылуы мүмкін.
Алмасу жасалынатын деректер блогы екі түсінік көрсетеді. Бір жағынан әр есептеу жүйесіне деректер
блогының мөлшері белгілі, және олар алмасуға тиімді болып табылады, ол программалы – аппаратты
мөлшерлер. Басқа жағынан бұл деректер блогы реалды алмасу кезінде программистермен өзгертілуі
мүмкін. Оқу/жазу функцияларында оқитын немесе жазылатын деректердің көбісінде алмасуға арналған
деректер блогының мөлшері және деректер блогының саны белгіленеді. Таңдалған деректер блогының
мөлшері реалды алмасудың тиімділігіне байланысты, мысалы бір машинаның деректер блогының
тиімді мөлшері 256 Кб болып табылады, ал сіз 128 Кбайтан алмасу орындағыңыз келеді, сонда сіз екі
рет қатынас құрасыз. Бір рет алмасу орындау үшін сіз оны екі бөліп алмасу орындайсыз, бұл жағдайда
операциялық жүйе тиімсіз элеметтерді өзі түзеуі мүмкін. Түзелмеген жағдайда ол сіздің қатеңіз.
3. Файлдық нұсқағышпен басқару. Әр бір ашық файлмен файлдық нұсқағыш байланысты. Бұл
нұсқағыш бойынша әр бір уақытта алмасу орындайтын келесі файлдың мекені көрсетіледі. Ол блокпен
алмасу орындалған соң нұсқағыш бір блоктан кейінгі позицияға өтеді. Файлмен жұмыс ұйымдастыру
үшін бұл нұсқағышты басқаруды білу қажет. Файлдық нұсқағышты басқару үшін арнайы функция бар.
Нұсқағыш дегеніміз ол файлды ашу функциясымен байланысты бір айнымалы.
4. Файлды жабу. Бұл операция екі функция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
1. ағымдағы файл мазмұнын сақтау және жабу
2. файлды жою.
Файлды жапқан соң онымен барлық байланыс тоқтатылады.
4. Деректерді қорғау. Көп стратегиялық шешімдер апараттық деңгейде және опреациялық жүйе
деңгейінде қайталанады. Егер мультипрограммалық режимді еске алсақ, онда бір қажет болып
табылатын ол жадыны және деректерді қорғау. Файлдық жүйені қарастыратын болсақ, олда
операциялық жүйе сияқты бірқолданбалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда деректерді қорғау
проблемалары болмайды, өйткені операциялық жүйеде жұмыс жасап отырған адам барлық
файлдардың иесі болып табылады. Бірқолданбалы операциялық жүйеге мысал келтірсек, ол MS-DOS,
Windows 95. Машинаны іске қосып басқа қолданушылардың дискіде орналасқан барлық файлдарын
жойып жіберуге болады, себебі бұл жүйелерде қорғау жоқ. Көпқолданбалы жүйе
көппайдаланушылардың жұмысын дұрыс істеуіне қамтамасыз етеді. MS-DOS операциялық жүйесі
мультипрограммалық режимде жұмыс жасауы мүмкін, бірақ егер бір үрдісте қате кетсе онда
операциялық жүйе жұмысы бұзылады. Көпқолданбалы жүйе ақпараттарды қорғауды қамтамасыз етеді.
Негізінде қорғау проблемасы тек қана файлдық жүйемен байланысты емес. Реалды операциялық жүйе
деректердің қорғанысын барлық аймақтарда қамтиды: бұл файлдар, үрдістер және қорлар.
HPFS файлдық жүйесінің компоненттері. Бұл файлдық жүйенің негізгі мақсаттарының бірі ол
үзын аттарды қолдану. (FAT – форматында 8.3, ал HPFS - жоқ). Бұл файлдық жүйе FAT жүйесінің
барлық атрибуттарын қолдайды. Каталогтарды дискілік кеңістіктің орта жолдарына орналастырады
және осы арқылы жүйенің шапшаңдылығы көтеріліді.
Үлестіру кестесінде картада әр секторға бір бит бөлінеді. Картадағы позициялық орны дискідегі
позициялық орынды анықтайды. Бұнда 1- сектор бос емес екенін білдіретін жағдай, ал 0- бос. Бір
лентада бір файл емес, каталогпен бірнеше файл орналасады.
33
Бұл құрылым үзілмейтін және файлдардың фрагментті құрылымдарына белгіленген. Үзілмейтін
файлда көрсету үшін 4 байттан екі сан қолданылады. Бірінші сан бірінші блоктың нұсқағышын
белгілейді, екінші – мөлшер (бір бірінен кейін жұретін блоктар саны).
Блок мөлшері – 1 сектор.
Фрагментті файлдар Extent- терден тұрады. Оның әр қайссына екі сан бөлінеді (2-4 байт).
Негізгі әдебиеттер 3 [35-45 ], 2[146-187], 9[351-363]
Қосымша әдебиеттер 12 [64-77], 20[74-86], 15[262-293]
Достарыңызбен бөлісу: |