Дәрістік сабақ конспектілері. дәріс



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата24.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#62596
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 1-15 Операциялық жүйелер (1)

Операциялық жүйені жіктеу. Операциялық жүйелер біріншіден жалпы және арнайы 
тағайындалады. Есептерді өңдеу режимінде операциялық жүйе бір программалы және 
мультипрограммалы режимдерге бөлінеді. 
Бірсанашықтық есептеу жүйесінде бірнеше программаның бір уақытта орындалып жатқандай 
көріністі біз мультипрограммалық есептеуді ұйымдастыру тәсілі деп атаймыз. 
Бұл терминдердің негізгі айырмашылығы. 
Мультипрограммалық режимде бірнеше қолданбалардың параллелді орындалуын жасайды, ал 
программист бұл механизмнің орындалуын ойластырмайды.Бұл функцияларды операциялық жүйе өзі 
орындайды;барлық орындалатын қолданбаларға өзі есептеу жүйесінің қорларын бөледі және қажет 
әрекеттестіктерді орындайды. Керісінше , мультиесептік режимде қолданбалардың әрекеттестігі 
параллель орындалуы қолданбалы программистерден тәуелді. 
Мультипрограммалауды ұйымдастырған кезде, операциялық жүйенің рөлі мынадай: 
1. ОЖ және қолданбалы программа арасындағы интерфейсті ұйымдастыру; 
2. Жадыдағы тапсырмалардан кезек ұйымдастыру; 
3. Бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу; 
4. Ақпаратты жадыжын таңдау және аусытыру, орналастыру процессін реттеу; 
5. Файлдар түріндегі сыртқы тасымалдауыштардағы ақпараттардың сақталуын ұйымдастыру 
және анықталған категориядағы қолданушыға нақты файлмен қатынасты қамтамасыз ету; 
6. Коммуникация құралдарымен қамтамасыздандыру; 
7. Деректерді мүлтіксіз (корректно) алмастыру үшін әр түрлі ресурстармен жұмыс істеген 
кезде пайда болатын және өз әрекеттерінің координациясын программамен алдын ала ескеретін 
жанжалды (конфликт) оқиғаларды шешу керек, яғни: жүйені синхронизациялау құралдарымен 
жабдықтау керек. Келесі период (1980 жылдан қазірге дейін) дербес компьютерлерде шығарылатын 
есептердің даму күрделілігі мен әр түрлілігі, олардың жұмыстарының сенімділігін арттыру қажеттілігі, 
үлкен есептеу машинасы архитектурасына тән барлық қасиеттердің практикада жолдануына әкеледі. 
Соңғы операциялық жүйелер дербес компьютерлер үшін мультипрограммалық және 
мультиесептік режимдерді жүзеге асырады. Негізгі сәулеттік принциптері бойынша операциялық 
жүйені микроядролық және монолиттіге бөлуге болады. Бір жағынан бұл бөлініс шартты түрде 
көрсетілген. Мысал келтіретін болсақ микроядролық операциялық жүйеге QNX негізгі уақыт 
операциялық жүйесін қатынастыруға болады. Ал монолитті операциялық жүйесі WIN 95/98 немесе 
Linux операциялық жүйесі. Win ядросын біз өзгерте алмаймыз , бізге оның алғашқы кодтары белгісіз 
және бізде ядроны жинау үшін арналған программалар жоқ. Linux ОЖ-не біз керек программалық 
модульдермен драйверларды қосып ядроны жинауымызға болады. 
Операциялық жүйені қарастырғанда есептеуіш үрдіс түсініктемесі негізгі болып саналады. 
Бөлек программаның деректерімен бірге тізбекті санашықта орындалуын тізбекті үрдіс деп 
атаймыз.Мысал келтіретін болсақ үрдістерге пайдаланушының қолданбалы программаларының 
орындалуы, утилиттар және басқа жүйелік программалар жатады. 
Текстің редакциялауы, программаны аударуы, оның құрастыруы, орындалуы үрдіс болуы мүмкін. 
Бір программаны аудару ол бір үрдіс, ал келесі программаны аудару – ол басқа үрдіс. 



Аударғыш дегеніміз программалық модульдердің қосымы және бір программа ретінде жұмыс 
көрсетеді, бірақ аударғыштың өңдейтін деректері әртүрлі. 
Қор түсініктемесі де үрдіс сияқты операциялық жүйесінде негізгі болып саналады. Қорды
үлестіру және басқару механизмдерін ұлғартуын процесс концепциясы анықтайды. Жүйе ішінде 
үлестірілетін әрбір объектті қор деп атайды. Ең бірінші есептеу жүйелерінде орындалып жатқан 
программаның толық орындалуынан кейін келесі программа орындалатын. Орталық санашық 
есептерді орындап , деректерді енгізу-шығару операцияларын басқаратын. 
Оперативті жады мен сыртқы құрылғы арасында деректермен алмасу орындалған кезде, санашық 
басқа есептерді орындамайтын. 
Есептеу машиналарына арнайы контроллердерді енгізу арқасында орталық санашықта есептер 
орындалуы және қабылданған деректерді шығару операцияларын уақытпен үлестіруі табылды. Оның 
өзінде санашық әрбір енгізу-шығару операциясы аяқталғанша және көп уақыт күтіп тұратын. Сол 
кезде есептеу жүйесінің мультипрограммалық режимі жұмыс ұйымдастыруы керек. Бір программа 
(немесе үрдіс ) келесі енгізу-шығару операциясының аяқталуын күтсе ,онда келесі программаны 
шешімге қоюға болады. Операциялық жүйе мультипрограмманы қолдайды және сұрату кезегін 
ұйымдастыру арқылы қорларды тиімді қолдануға тырысады. 
Бұл келісім жадыда бірнеше үрдістің санашықтың босауын күтіп, ал бірнеше үрдістер босаған 
қорларды қолдануға дайын кезде орындалады. Бір қорды қолдану үшін ( енгізу –шығару құрылғысы, 
деректер массиві, оперативті жад т.б.) үрдіс операциялық жүйенің супервизорына қатынасады. 
Супервизор-орталық басқару мөдулінен тұрады, бұл мөдул бірнеше мөдулден тұрады: енгізу-шығару 
супервизоры, үзу супервизоры, программалар супервизоры, есептер диспетчері т.б. –негізгі шақыру 
арқылы (командалар ) – өзінің шартын хабарлайды. Бұл кезде қордың түрі көрсетіледі, керек болса 
оның мөлшемі (мысалы жолшық саны , баспа құрылғысы,шығатын деректердің мөлшемі т.б.) 
Қорларды басқаруды ұйымдасыру кезінде дәл осы жағдайда екенін шешу қажет: бөлек, ең 
қажетті сұрауларды тез орындауы, бар үрдістерге бірдей мүмкіншілік беру немесе көп үрдістерді 
орындау және қорларды толық қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет