15
Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші
критерийі ретінде кӛру, есту, иіс сезу, сипап сезу сияқты адамның ақпаратты
қабылдау түрлерін атауға болады.
Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бӛлеміз:
1. Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм
секілді кӛру арқылы қабылданатын ақпараттар, яғни визуальды ақпарат деп
атайды.
2. Дыбыс, сӛз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттарды
дыбыстық ақпарат деп атайды.
3. Арнайы техникалық құралдар кӛмегімен адамның сенсорлық жүйелері
арқылы қабылданатын ақпараттарды сенсорлық ақпарат деп атайды.
Бұл келтірілген ақпарат түрлері басқа критерийлер бойынша да
жіктеледі. Соның бірі – адамның ақпаратты қабылдау әдісіне байланысты.
Сондықтан да қабылданатын ақпаратты тура және ассоциативті ақпарат деп
бӛлеміз. Қандай да бір нысанның немесе үрдістің негізгі қасиетін
сипаттайтын ақпаратты тура ақпарат деп атайды. Бір тақырып тӛңірегіндегі
бұрын қабылдаған ақпараты мен жаңа ақпаратты салыстыру, елестету
арқылы қабылдауын ассоциативті ақпарат деп атаймыз.
Ақпарат кеңістік арқылы ғана емес, уақытқа байланысты да таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: