Салбырова макпал токтарбеккызы


ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі



Pdf көрінісі
бет13/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
DISSER

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі» 
атты екінші тарауда атты екінші бӛлімде географияны оқытуда ақпараттық-
комуникациялық технологияларды қолданудың әдістемелік міндеттері 
анықталды: 
- білім беруді цифрландыру жағдайында оқыту үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелеріне теориялық 
талдау жасалды; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды географияны оқыту 
үдерісінде қолдану жағдайы айқындалды, соның негізінде білім 
алушылардың білімдерін тексеріп, бағалауға мүмкіндік беретін «Flаsh», «3ds 


13 
max», «Delphi» компьютерлік бағдарламаларына негізделген электрондық 
құралы дайындалды. 
Қорытындыда диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқа 
қорытындыдан, қойылған міндеттердің шешімін табу тұжырымдарынан және 
алынған нәтижелерді нақтылы пайдалану бойынша ұсыныстардан тұрады.


14 
БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 
Жалпы 
орта 
білім 
беру 
саласында 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы мен 
түйінді мәселелерін талдау 
Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін тиімді, дұрыс 
түсіну үшін бұл ұғымның теориялық аспектілерін толық түсінуді қажет етеді. 
«Ақпарат» термині латынның Informatio «түсіндіру» «мазмұндама» деген 
сӛзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білдіреді. 
Ақпараттар алмастырылады, сақталады, ӛңделеді және белгілі бір 
тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты тек қандай да бір 
мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір 
мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі 
бағалылығы танылған білім болып табылады. «Ақпарат дегеніміз – 
ақпаратты алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті 
– бағаланды деген үш сүзгісінен ӛткен нәрсе» [69].
Қазіргі заманғы ғылым мен технологиялардың даму кезеңі оқу-ағарту 
саласында жаңа технологиялық әдістерді кең кӛлемде қолдануды қажет етеді. 
Күнделікті сабақта компьютер мен электронды оқу құралдарын пайдалану – 
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін 
білім беру саласында білім сапасын кӛтеру, компьютерлендіру, интернет, 
компьютерлік желі, электронды оқыту құралдар даярлау сияқты міндеттерді 
шешу кӛзделіп отыр. Кӛптеген электронды оқыту құралытар, электронды оқу 
бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары білім алушылардың 
қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға 
әсері мол. 
Ақпараттандыру – компьютерлiк техникалар мен бағдарламалар, 
әдiстемелiк құралдар кешенiмен жабдықтау. Кӛп жағдайда пайдаланушылар 
ақпараттандыруды «компьютерлендіру» ұғымымен бірдей түсінік ретінде 
қарастырады. Ақпараттандыру идеологтарының бірі академик А.П. Ершов 
«Компьютерлер күрделі интеллектуалдық жұмыстарды орындайтын 
қызметкердің рӛлін атқарады» деп атап кеткен [30,с. 200].
Білім алушы ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды, мидың 
және орталық жүйке жүйесінің кӛмегімен талдап, есте сақтайды. Білім 
алушының ойша есеп шығаруы, мәтінді бір тілден екінші тілге аударуы
ақпаратты ӛңдеу үрдісіне мысал болады. Қандай да бір нәтижеге жету 
мақсатындағы ақпаратқа қатысты іс-әрекеттер тізбегінің жиынтығы 
ақпараттық үрдіс деп аталады. 
Ақпараттың мынадай қасиеттері бар: 
- қолдануда кӛлемі азаймайды; 
- қолдану санына шек қойылмайды; 
- бір орыннан екінші орынға тасымалдау үрдісі жылдам жүргізіледі; 
- қандай да бір мазмұндағы ақпарат әртүрлі формада ұсыныла алады т.б. 


15 
Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші 
критерийі ретінде кӛру, есту, иіс сезу, сипап сезу сияқты адамның ақпаратты 
қабылдау түрлерін атауға болады.
Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бӛлеміз:
1. Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм 
секілді кӛру арқылы қабылданатын ақпараттар, яғни визуальды ақпарат деп 
атайды. 
2. Дыбыс, сӛз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттарды 
дыбыстық ақпарат деп атайды. 
3. Арнайы техникалық құралдар кӛмегімен адамның сенсорлық жүйелері 
арқылы қабылданатын ақпараттарды сенсорлық ақпарат деп атайды. 
Бұл келтірілген ақпарат түрлері басқа критерийлер бойынша да 
жіктеледі. Соның бірі – адамның ақпаратты қабылдау әдісіне байланысты.
Сондықтан да қабылданатын ақпаратты тура және ассоциативті ақпарат деп 
бӛлеміз. Қандай да бір нысанның немесе үрдістің негізгі қасиетін 
сипаттайтын ақпаратты тура ақпарат деп атайды. Бір тақырып тӛңірегіндегі 
бұрын қабылдаған ақпараты мен жаңа ақпаратты салыстыру, елестету 
арқылы қабылдауын ассоциативті ақпарат деп атаймыз.
Ақпарат кеңістік арқылы ғана емес, уақытқа байланысты да таратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет