Дәріс «Автоматталған жүйелердің аж жіктелуі»



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата25.01.2023
өлшемі436,58 Kb.
#62900
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 2

6
 
болады.
Ұжымдық пайдалану режимі – бірнеше тəуелсіз пайдала- 
нушының есептеуіш жүйелерге бір мезгілде кіруі мүмкін бола- 
тын қызмет көрсету формасы. Сұрау-жауап режиміндегі ұжым- 
дық пайдалану жүйенің əрбір пайдаланушының сұрауына үзіліс- 
сіз қызмет ететінін білдіреді. Уақытты бөлу режимінде есеп- 
теуіш ресурстар түрлі тапсырмаларға (түрлі пайдаланушыларға) 
ретті түрде кванттармен ұсынылады. Уақыт кванты біткеннен 
кейін тапсырма қызмет көрсетуді күту кезегіне қойылады.
Пайдаланушылармен өзара əрекеттестік сипаты бойынша 
диалогтық жəне интерактивтік режимдерде жұмыс істейтін жү- 
йелерге жіктеледі.
Диалогтық режим – адам мен жүйе адамның ақпаратты 
өңдеу қарқынына тең қарқынмен ақпарат алмасуы орын алатын 
адамның ақпаратты өңдеу жүйесімен өзара əрекеттестігі режимі. 
Интерактивті режим – ақпараттық жүйені жүзеге асыра- 
тын адам мен ақпарат өңдеу процесінің өзара əрекеттестік 
режимі. Осы үрдіске нақты жүйенің басқару механизмімен
көзделетін жəне процестің жауап реакциясын тудыратын ық- 
палдар түрлерімен көрсетіледі.
Ақпараттық жүйенің уақытта қызмет ету ерекшеліктері бой- 
ынша нақты уақыт режимі (real time processing) – ақпарат өңдеу 
жүйелерінің өздеріне қатысты сыртқы болып табылатын про- 
цестермен осы процестердің өту жылдамдығымен бірдей қар- 
қынмен өзара əрекеттестігі қамтамасыз етілетін ақпарат өңдеу 
режимі.
 Басқарушы жүйелер
 
Басқарушы жүйе қандай да бір өндірістік жағдайда қа- 
былдануы тиіс əрекеттерді алдын ала көздейтін белгілі бір бағ- 
дарламалар бойынша басқару функцияларын жүзеге асырады. 
Адам тек жалпы бақылау жасайды тек басқару алгоритмдері- 
мен күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда ғана араласады. 
Басқарушы жүйелер бірнеше түрге бөлінеді.
Супервизорлық басқару жүйелері. Супервизорлық басқару 
режимінде жұмыс істейтін АБЖ ЭЕМ жұмысының көп бағдар- 
ламалық режимін ұйымдастыруға арналады жəне кең мүмкін- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет