1
Дәріс 2
«Автоматталған жүйелердің АЖ жіктелуі»
Ақпараттық жүйені (АЖ) жобалауға жүйенің қызмет ету прин-
циптері,
техникалық құралдарды, ақпарат
массивтерін негіздеу
жəне таңдау, оларды құру жəне өңдеу əдістері, жүйенің жекелеген
құрамдастарын құрастыру, енгізу, шығару, бақылау жəне сынау
əдістері мен технологияларын жасап шығару т.б. кіреді.
Жобалау кезіндегі АЖ жіктеудің негізгі белгілері:
а) өңдеуге берілетін уақыт;
б) алатын көлемі;
в) басқарылатын үрдіс сипаты;
г) автоматтандыру құралдарының мобильділік дəрежесі;
д) деңгейлер саны;
е) өткізу қабілеті;
ж)
сериялық қабілеттілік;
з) автоматтандыру дəрежесі;
и) реактивтілік белгісі.
Олар АЖ құру кезінде техникалық шешімді
таңдауға ықпал
етеді. Реактивтілік – процесс күйі
туралы ақпараттың өңдеу
пунктеріне дейін жеткізу, келіп түскен ақпаратты өңдеуге неме-
се нəтижелерді тұтынушыға жеткізу үшін жүйенің
жұмсайтын
уақыты. АЖ реактивтілік белгісі бойынша бөлінеді:
а) Кіріс ақпарат ағымының жоғары реактивтілігіне ие АЖ. Бұл
жүйелерде процесс күйі туралы ақпаратты жеткізу уақыты бірне-
ше секунд, əзірлеуге жұмсалатын уақыт миллисекунд, ал өңдеу
нəтижелерін жеткізу секунд үлесін алады. Бұл жүйенің мысалына
əуе қозғалысындағы АБЖ-ны жатқызуға болады;
б) Орташа реактивті АЖ. Барлық
көрсетілген көрсеткіштер
ондаған секунд пен минутта анықталады. Бұған жылу жүйелері,
мұнай құбырлары, энергия жүйелерінің АБЖ-ы жатады;
в) Реактивтілігі жоқ АЖ. Бұл жүйелерде процесс күйі
тура-
лы ақпаратты жеткізу уақыты минуттарға, əзірлеуге жұмсалатын
уақыт сағаттарға, ал өңдеу нəтижелерін жеткізу тəуліктерге созы-
луы мүмкін. АЖ кəсіпорынды, бірлестікті, салаларды басқаруға
қолданылады.