23
* * *
Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас.
* * *
Ат
қиналмай, жау шалмас.
* * *
Қайыспас қара балтасыз жау алынбас.
* * *
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
* * *
Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды.
* * *
Ананың көңілі балада.
* * *
Жақсы ана үшін бала – екі көздің сыңары.
* * *
Ұлың
өсіп жетілсе, ол – отбасының мерейі, баскөзі.
* * *
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
* * *
Уа, хан ием, сізді Тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасын.
* * *
Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарылқап ас бермес – әке үлгісін көрмесе.
* * *
Адам өмірі – қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ
тәрбиелеген ұтады екен.
* * *
Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
24
* * *
Өлгендер
қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.
* * *
Құстың қонар жерін су білер,
Малдың барар жерін ну білер.
* * *
Топырақ тау болмайды.
* * *
Көк шүйгінін киік білер.
* * *
Бас аман болса, бөрік табылады.
* * *
Ата
даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
* * *
Өтірік сөз өрге баспайды.
* * *
Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның соры.
* * *
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
* * *
Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың.
* * *
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,
Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
* * *
Көп қорқытады, терең батырады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
25
* * *
Тәкаппарлықты Тәңірі де сүймес.
* * *
Қара есектің басына жүген таққанмен – тұлпар болмас.
Күңге сары пәй шапан жапқанмен – бәйбіше болмас.
* * *
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атадан өнеге алмаған ұл жаман.
Достарыңызбен бөлісу: