Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет1/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84


Алматы «Атамұра» 2018
А.С. АҚТАНОВА, А.К. ЖУНДИБАЕВА,
Л.К. ЖҰМЕКЕНОВА
 
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді
1–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 83.3 (5 Қаз) я72
А 37
© Ақтанова А.С., Жүндібаева А.Қ., 
Жұмекенова Л.К., 2018 
© «Атамұра», 2018
ISBN 9786013311517
 
Ақтанова А.С. т.б.
А 37 Қазақ әдебиеті. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқу 
лық/А.С. Ақтанова, А.К. Жундибаева, Л.К. Жұмекенова. – Алматы: 
Атамұра, 2018. – 192 бет.
ISBN 9786013311517  
 
– сұрақтар
– есте сақтап, жатқа меңгеру
– тыңдау арқылы тапсырмаларды орындау
– Нұрасыл
– Ләйлә
– жұппен орындайтын тапсырмалар
– топпен орындайтын тапсырмалар 
Шартты белгілер:
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына
арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің жаңартылған мазмұндағы 
Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды.
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 83.3 (5 Қаз) я72
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


3
Қымбатты жас дос!
Көркемсөздің құдіретін бағалайтын халқымыз қашанда сөз қадірін 
білген. Сөзді кие тұтып, оның қуатына бас иген. Осындай текті атадан 
тараған бүгінгі жас та өзінің әдебиетін – бабадан қалған асыл мұрасын 
қастерлеуі заңдылық. 
8сыныпта ежелгі дәуір әдебиетінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі 
уақыттың көркем шығар маларын оқимыз. 
Сөздің қуатын даналық пен далалық дарқандыққа, еркіндік пен кең 
дікке, адамгершілік пен парасатқа бағындырып, ұрпағына үлгілі сөз 
қал дырған біздің бабаларымыздың арманы болмас. 
Қазақ халқының бойындағы жауынгерлік рух пен бостандық сүйгіш 
мінез жыраулар шығармашылығында жан дүние тазалығы мен туған 
жерге деген сүйіспеншілік және Отан алдындағы парыз ұғымдарымен 
астасып берілді.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы азаттыққа бар жан дүниесімен ұм
тылған қазақ әдебиетінің өкілдері жаңа заманға лайықты, тың тақы
рыпты туындылар тудырды. Бұл да халық тарихының әдебиетпен өрнек
телген ерекше тұсы болды. 
Тәуелсіздік алғаннан бергі әдебиетімізді сараласақ, жаңа леппен, 
жаңа арна тауып, ерекше қуатпен дамып келе жатқанын байқаймыз. 
Қазақ әдебиетіне тәуелсіздік не берді деген сұраққа азаттық аңсаған аға 
буын ұрпақтың асылы болған сөз еркіндігі деуге негіз бар. 
Жас дос! Байқасақ, біздің әдебиетіміз еліміздің басынан өткен тари
хын көркемдеп беретін ерекше құрал екен. Егер өз халқымыздың тарихы 
мен болашағы туралы, өзіміз туралы терең білгіміз келсе, сөз өнерімізді 
қадірлеп, бағалап, жақсы оқиық.
Биылғы оқу жылы сәтті өтсін! Осы оқу жылында рухымыз биіктеп, 
өреміз өсіп, біліміміз кеңейсін!
Туған елімізге еңбек ететін азамат болып қалыптасайық!
Оқулық авторлары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет