142
хани соққы. Ал, бұл кісінің әйтеуір бір кезде қоғам өміріне араласуы тиіс
екенін ескеріп, кәсіп таңдау жағына өз басым қарсы екенімді білдіремін.
Бұл мәселені өз қабырғамызбен кеңірек ойласып, жедел шешім қарастыру
керек.
Нәзила. Болдың ба, әйтеуір?
Омар. Болдым.
Нәзила. Онда тезірек отырыңыз.
Қамажай. Ее, міне, гәп қайда? Сендер менің жұмысқа орналасуым
ды намыс көріп отыр екенсіңдер ғой. Бұларың дұрыс емес. Сонда мен
үйде қол қусырып отыра бермекпін бе?
Нәзила. Жоқ, сіздің кондуктор боламын дегеніңіз ұнамайды.
Гауһар. Иә, иә.
Омар. Иә, иә.
Қамажай. Бұларың дұрыс емес. Жұмыстың жаманы жоқ. Ермекжан
есейді. Үйде өзі қала тұрады.
(Үйге Тимур мен Сұлтан кіреді.)
Сұлтан. Саламатсыздар ма?
Бәрі. Саламатсыз ба?
Қамажай. Түн жарымында қайда жүрсіңдер? Түрлерің қату ғой,
тыныштық па?
Сұлтан. Тыныштық. Өткен жолы ұятты боп қаппыз. Сіздерден
кешірім өтінемін.
Қамажай. Иә, айып бізде де бар. Үйге келген қонақты қуып шыққандай
болдық. Қарындасың балалық жасаса кешірерсің. Отырыңдар, неге сос
тиып қалғансыңдар? Қазір шай қоямыз.
Достарыңызбен бөлісу: